Массагет ауылында болып жатқан оқиғалар: Кітапханашы Жалғас Ертай мен массагеттік тұрғындар II бөлім

Массагет ауылында болып жатқан оқиғалар: Кітапханашы Жалғас Ертай мен массагеттік тұрғындар II бөлім
жеке
блог

 

Рас, кейінгі кезде Массагет тұрғындары кітап оқуға шамасы келмей жүр. Осы олқылықтың орын толтыру мақсатында ауылдағы кітапханашы Жалғас Ертай тұрғындарды кітапханасына жинап, «Кітап оқудан жалықпау» деген баяндама оқыды. Баяндамадан соң тұрғындардың жауабына жауап берді. Сосын, ауылдағы " Argyn ", Арайлым Исмагулова, Мейіргүл ushkin, Кәусар *, Бакытжан Сабитов, Арнаулы жан сияқты кітапқұмарларды басқаларға үлгі етіп мақтап, басқалардың да кітап оқып тұруына кеңес берді. Арасында кітап оқуды тастап кеткен тұрғындар бір-екі ауыз өз пікірлерін білдіріп кетті.

 

Еркебұлан Қайрахан 03.02.2012 16:21

Менің осы кітап оқуға деген аллергиям бар!

 

Шахмұрат Айтбай, 03.02.2012 20:39

Оқуға уақыт тапсаң жақсы...

 

Сәруар ханым тіпті күннің суықтығын сылтау қылды.

 

Сәруар ханым 03.02.12 

Бәріне аяз кінәлі! Құлап, бір жерде үсіп өлсек ше?)))))

 

Арайлым Исмагулова ,03.02.2012 16:50

Асыра сілтеп жіберген жоқсыз ба?

Ауылда свет сөніп қалғанда аулада отырып оқитынмын. Кітапханадағы сілтідей тыныштық пен ескі кітаптардың иісі cондай ұнайды)))) рас айтам.

 

Деееееп Арайлым кітапханашы ағайға жағымпазданып  сөйлеп қалды.

 

Болат Мұхтар ,03.02.2012 14:54

оСЫ БІЗДІҢ Арайлымның өресі биік деп айттым сіздерге!

 

Қайреке Серікұлы 04.02.12

Міне нағыз талант))

 

Кітапханашы ашуланып кетті.

Жалғас Ертай , 03.02.2012 16:41

 

Бір-біріңе ұқсайсыңдар. Бәріне қала кінәлі екен ғой.

 

Anarkа Must , 04.02.2012 00:45

Кітапқа бара жатсам, алдымнан ноутбук күліп тұрады. Қалайша оған көңіл бөлмеймін? ))

Айнара БАЙЖАН ,30.01.2012 15:05

Ха-ха! Анараның сөзіне күлем де...

 

Жалғас Ертай, 04.02.2012 10:22

сенің бір өзіңнің басыңда сондай болса, осы жерде тұрып сені қаралайтын едік... ал, былай, бәрінде солай.

 

Абзал САРИЕВ, 01.02.2012 15:42

 Сіз дұрыс!!!

 

Еркебұлан Қайрахан, 01.02.2012 13:58

саған не болған, қыз құсап сызылап қалыпсың ғой

 

Жиналыстың арасында кітапханашы ағайды мазақтап, жақтырмай отырғандар да болды.

 

Мөлдір көз, 03.02.2012 23:36

ақылың көп екен ғойиии:))))

 

Жалғас Ертай ,04.02.2012 10:23

мағынасын толық түсінбепсіз..

 

Кенже Әлім ,04.02.2012 02:06

ақылын автор басына шайнап жақсын.

 

Деп жынданып Кенже Әлім рұқсатсыз залдан шығып кетті.