МАССАГЕТ АУЫЛЫНА КЕЛІН КЕЛМЕК
блог
Массагет ауылына көшіп келгелі әңгімемнің ауаны өзгеріп, тіршілік үшін күрес басталғандай. Шығыстағы махаббат дастанының бас кейіпкері «Мәжнүн» атағын алғалы бері, «Ләйлі» болар қызды іздеп табанымнан таусылдым. Сөйтсем іздегенім мен жаңадан қоныстанған Массагет ауылының тұрғыны екен... Менің тағдырым араға 9 - ғасыр салып «Ләйлі-Мәжнүн» дастанындағыдай өрбуде. Ашық мінезді Наз (аты өзге болсада осылай еркелетіп атайын) ауылдан көрінбей жүр. Бәріне айыпты ғалам тор. Таныстырғанда ғалам тор, табыстырғанда ғалам тор! Бақытымнан айырып, мұңға салған ғалам тор! Енді міне ғалам тордың торына түсіп отырғаным мынау...
Посттарына кіріп пікір білдірсемде, ішкі сезімімді айта алмай «мылқаудың» күйін кешіп жүргенім. Махаббаттың әлегінен ол қыздың қалта телефонының номерінде сұрамаппын. Құдалық жасап, айттыруға айтарлықтай қаржы жоқ. Арманы биік, ақшасы жоқ шәкірт ақыға жан сақтаған жандардың бірімін. Тоқ етерін айтқанда алып қашу операциясын жасайық. Шымкенттік нұсқада әрекет етпесек, «Мәжнүн» сияқты қиялымда қыз құшар хәлге түсетін жайым бар. Массагеттің ауылында той жасап, келін түсіріп қол ұзартайық.