"Массагет"-адалдық пен сенімнің ұштасқан шыңы!

"Массагет"-адалдық пен сенімнің ұштасқан шыңы!
жеке
блог

Қазақ халқының даналығы мен дархандығына келгенде бір ауыз сөзбен сөздің басын қайыра алмаймыз.Себебі,қазақтың даналығы-шетсіз,дархандығы-шексіз!Сөз жетпес құндылықтарды бойымызға сіңіре отырып,мына жарық дүние  есігін ашып,бал таматын тіліміз шыға бастап,тәй-тәй адым басқан кезде біреудің ала  жібін аттамау мақсатында-тұсауымыз кесілді.Бұл іс-болашақ ұрпақтың ата-анасына,туыстары мен достарына деген адалдықтың нышаны іспетті еді.Міне-біріншісі!

     Алғаш мектеп табалдырығын аттап,халықтың назарына іліге бастағанда: Елімізге,жерімізге,Отанымызға,отбасымызға,Елбасшымызға адалдықтың ақ туын желбіретіп,ақ жолдан таймайтын АДАЛ азамат боламыз деп жүрекпен уәде бердік.Міне-екіншісі!

Жарқын жүректі,жанарларынан мейірім тұнып тұратын,үлкенді-аға-әпке,кішіні-іні-сіңілі,қарындас деп білетін;қуанығанда-бақытымзға ортақ болатын;сүрінгенде-сазбен сүймелдеп,жанға жылы сөздерімен  сұр бұлтты сескендіріп,аяққа тұрғызатын;мұң шалғанда- жаралы жаныңды түсініп,жаңаша серпіліс беріп,жаңа өмірге аяқ бастыратын-сүйікті «Массагетке» берер  уәде!Міне-үшіншісі!

Сүйікті ауылымыздың тұрақты тұрғыны ретінде,мен Есіл еркесі:

  • Массагетте қойылған барлық талаптарды орындауға;
  • Массагетте жазылған барлық жазбаларға тек көз жүгіртіп шықпай,зейін қоюға;
  • Талқыланған әрбір нәрсеге ат үсті қарамай,шын жүрекпен,бар ынтамен атсалысуға;
  • Жастар мен қарттар,тұрақтылар мен көшпенділер деп жік-жікке бөлмей,блогшылардың туындыларын үзбей оқып тұруға;
  • Чатты қалай қолдануды білмесем де,үйреніп,үзбей кіріп тұруға;
  • Форумда талқыланатын мәселелерге бей-жәй қарамауға;
  • Клиптер мен сериялдарға назар аударуға;
  • Ешқашан «бас бармақты» төмен қаратпауға;
  • Әрдайым «бас бармақты» аспанға керуге,яғни лайкты аямауға;
  • Жаңа тұрғындарды  құшақ  жая,жылы жүзбен қарсы алуға;
  • Аптасына кем дегенде,ҮШ блог жазуға;
  • Кез-келген тақырыпта ой қозғап,сапалы әрі тиянақты жазбалар жазуға;
  • Пікірде сын айтылса-көтеруге;
  • Пікірді оңды-солды жаза бермей,әртүрлі смайликтермен қуып кетпей,тиянақты бір ойды қамтуға;
  • Массагеттің арнасын МҰҢМЕН шимайламауға

салтанатты түрде АНТ етемін!

         Егер мен,осы айтылған  шарттарымды бұзсам немесе  мүлде орындамай қойсам «Массагет» тарапынан қарастырылған кез-келген жазаға  дайын боламын!

         Бірақ,белгілі бір себеппен(Сырдың қызы атап өткендей) «Массагеттен» алыстасам,түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын!

(Егер осы жазба дәстүрдегідей 18.06 күнгі сағат  18:06 дейін "Сариев шкаласының ең төменгі шегін қанағаттандырмаса,"Массагет" тұрғындары  маған  бір жаза дайындай беріңіздер!)

Абзал аға бастап, "Бигелді белесі"  ЖЕТІЛІКпен,"Салтанат нормасы"ТОҒЫЗДЫҚпен  қостаған АНТ беру кезегін алтыншы лайк қойған адамға ұсынамын"

(Бигелді Темір:

"Бұдан былай анық бәсеке болмаса АЛТЫЛЫҚТЫ басқан лайықты жан кезегін алсын!"