МАССАГЕТ!!!

Массагетке қалай оп-оңай тіркеліп  кеткенімді білмеймін, олай дейтін себебімменің апам тіркеле алмай қиналып жүрген. Сосын қызықпай кеттіме, әйтеуір кірмей кетті. Бұл сайтқа келген кездегі меніңде, басқалардыңда ойында болатын сұрақ:"Мика? Ұшқын? Мейіргүл? Кәусар мұң?Айгерім? олар кім?"Ерекше көзге түскендіктенбе "бұлар кімдер соншама?"деп ойлайды))Артынан блогтарын оқи келе түсіне бастадым. Бір-бірлеріне естафета таяқтарын лақтырып отыратын кезде тек админдер ғана жазады екен деп ойлап жүрдім. 

Сөйтіп жүріп менде блог жаза бастадым. Алғашқы блогтыда осы массагеттен жаздым. Ол кезде блогтың не екенін білмеймін, өз білгенімше жазып жүрдім. Блогтарымда жалпы жақсы басталды(әрине жаңа тіркелген соң көрушілерде аз болады)

Массагетке кіріп жүріп жаңалықтарды теледидарсыз ақ біліп алатын болдым. Маған әсіресе бастаңғы мен әлемтану айдары ұнады. пікірді ерінбестен жаза берушедім. Массагеттегі жаңалықтар басқа сайтта болсада біртүрлі массагеттен оқысам қызық болатын сияқты. Бұл шыным!)

Мен массагет сайтында массагеттен басқа ешкімнің туған күнін құттықтаған емеспін. Ренжімеңдер енді. Алла жазса әлі талай құттықтаймын!

Массагетке мен 3 айлығында келдім)Кімнің тастап кеткенін, кімдердің кірмей кеткеніне дейін білемін десең))Ал мен осы күнге дейін массагетпен арамды үзбей келемін.Массагеттен көп нәрсе үйрендім. Мика, Айгера, Анара, Ақерке сәнді, әдемілікті, тұрмысқа қажетті заттар мен істерді үйретсе, Сания аспаздықты, Ардақ ағаның анекдоттарын оқып бір күліп аламын. Қайсар аға көптеген әдемі жазбаларын оқып терең ойға баттым. Ал Фараби аға әлемнің талай қызықтарымен бөлісті. Әрине бұдан басқа массагетке еңбек сіңіріп жүрген адамдар жетерлік. Менің атағандарым осы ғана болды

 Ардақ аға және Анар апа- сіздерге мәңгілік жұп болуларыңызды тілеймін. Жұптарыңыз жазылмасын, бала-шағаларыңыздың қызығын көруге жазсын!

Бұл сайтта мені танитындарыңыз бар, танымайтындарыңыз бар. Осылардың бәрін қорытындылай келе менің өз басымдағы шаруаларыма байланысты, әзірше қоштаса тұруға тура келіп тұр. Ешкімге ешқандай ренішім жоқ. Массагеттен басқа барлық әлеуметтік желілердегі аккаунттерімді өшіріп, онлайн режимінен шығамын.  Мен туралы жақсы пікір қалдырған адам болса мені күте тұрыңыздар! Мен әлі келемін. Тек 1-2 жыл ғана. Сіздермен жақсы жаңалықтарыммен бөлісемін. Сіз аман болсаңыз,  мен аман болсам әлі талай жақсы-жақсы жазбалар жазылады деген үміттемін. Бұл қоштасу маған оңайға тиіп тұрған жоқ, қатты бауыр басып қалыппын.((( Басқа біреудің атымен немесе қонақ болыпта кіре алмаймын. Шыным!!!(белгілі бір себептерге байланысты) Келген соң неге кеткенімді айтып беремін. Қимай тұрмын!

   Сәлеммен Ұлсара Елубаева

   09.06.2013



Бөлісу: