"Мәскеу-Ресей" жүрдек пойызы немесе Орыстардың орыстығы

Негізі орыстардың әр комедиясы болсын, әр киносы болсын бәрінде арақ бірінші жүретінін байқап қалдым. "Мәскеу-Ресей" жүрдек пойызы киносыныңда басты тақырыбы сол араққа құралған сияқты. Мүмкін "орыстардың жаны" сонымен тығыз байланыста болса керек... 

Небір адам санасына кіріп шықпайтын істер жасап ютубта миллион көрсетілім жинаймын деген жігіт неміс компаниясымен келісімге отырады. Ол өзінің есі ауысқан істерін Владивасток қаласынан бастамақ болады, дәл сол кезде сол қалаға Ресейлік киноға түсу үшін америкадан ресейдің тумасы танымал актриса да келетін болады. Екі басты кейіпкердің кездесуі сол пойыздан басталып кетеді... 

"Орыстардың жанын түсіну үшін олармен бірге арақ ішіп көр" - деген ұғымды санасына мықтап енгізген қыз шытырман оқиғаның ортасына қалай түсіп өзінің қалай басты кейіпкерге айналғанын білмей қалады...

Кино өте қызықты, әрі күлкілі. Бірақ, америкалық "ақымақ" күлкілі кинолардан айырмашылығы бұл жерде мысқыл бар.  Кәдімгі ұлттың кемшілігін өздерін күлдіре отырып түсіндіру. Кинодағы әр персонаж сізге ерекше әсер ете алады және сіз әрқайсысын есте сақтап қаласыз. Себебі, кинодағы әр адамның шынайы өмірде прототипі бар. Киноның авторы әрі басты ролді сомдаушы Сергей Светлаков бұл персонаждардың бәрін өз жолында, өз өмірінде кездестіргенін айтады. Себебі, оның бар өмірі пойыз бен пойыз жолдарымен тығыз байланысты, ата-анасы проводниктер, өзі де пойыз жолын жөндеуші мамандығын алған. 

Әрине, Ресей ұлы мемлекет, бірақ, "ұлылықтың да кемшілігі болады" деген ұғымды дәлелдеп бергендей. Киноның арасында сіз интернеттен көрген небір қызықтардан үзінді көре аласыз. Себебі, оның бәрі сол "сағы сынбайтын" Ресейдің көрністері. 

Киноны барып көруге кеңес берем, мүмкін "Орыстар- ұлы халық" немесе "Ресей жақсы, анау-мынау" деген түсініктерге басқа қырынан қарап көруге болады. Дегенмен, ондай кемшіліктер әр елден іздесең табуға болады, бірақ оны осылай көрсете білу де өнер... Көңіліңіз бір сергіп қалады.



Бөлісу: