Масагеттік достарым көмектесіңіздерші

Қалайсыздар Массгеттіктер? Жағдайларыңыз,қысқы көңіл-күйлеріңіз қалай? Ойлап отырған шығарсыздар мынау көмек сұрағалы отырғасын біздің жағдайымызды ойлап қалыпты ғой деп. Олай емес басында блогты қалай бастт\арымды білмей жүрдім. Енді барлығыңыздың блоктарыңызды оқып үйреніп жатырмын. Сіздердің бар болғандарыңызға қуанам. Үйде,жұмыстан шаршап мазам болмай кетсем Массагетті қарап өзімнің көңіл-күйімді көтеріп аламын. Рахмет сіздей жаныма жақын сайтты тапқаныма. Иә көп сөйлеп кеттім -ау деймін.
      Маңызды шеше алмай отырған мәселемді айтайын. Бізде жақында ақпан айының 3 жұлдызында семинар болады. Маған сол семинардың ашылу салтанатын балалармен болмаса тәрбиешілермен "Көңілді старт " ойынымен бастайсын деп жазып қойған екен. Енді сол семинарды ойлап басым қатып кетті. Білесіздер тоқсандық есеп, балабақшада балалардың даму құзыреттілігі көрсеткішін есептеу(индикатор. Міне осындай жазулар шаршатып жіберді. Ойламаңыздаршы мен үшін ақша алып отырма деп. Тек көмектеріңізді сұраймын. Өзімде де көп ойлар жоқ емес,бар. Бірақ сонда жда сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қабылдап ой түйгім келді. Оған қарсы болмассыздар. Сіздер ең жақсы адамсыздар. Сіздерден үлкен үмітпен көмек күтуші Айжан. Алдын ала рахмет.



Бөлісу: