Мәртебелі Массагет

Мәртебелі Массагет
жеке
блог

     Бүгін менде "творческий" күн еді ғой. Бос уақытымды пайдаланып, біраз шаруаларымды бітіріп алайын деп ГРЭС-те жүрсем, курьерлік қызметтен деп бір кісі қоңырау шалды. Мекен-жайымды, үйде қашан болатынымды сұрады. Жұмыстарымды тындырып, үйге бас сұққаным сол, әлгі кісі қайта хабарласып, тапсырысты әкелгенін айтты. Қабылдап алдым. Ораулы заттың сыртында бәлендей ештеңе жазылмаған. Десе де, "Массагеттен" екенін ішім сезіп тұр. Расында да "Массагеттен" екен.

     Бір жылдығына орай өткізілген конкурста бір номинация қанжығама байланған еді. Соның жүлдесі екен. "Бір жоқ бір жоқты табады" деген, үш күн бұрын ғана қолданып жүрген наушнигім жұмыс жасамай қалып еді...  

Массагеттің сыйлықтары

    Сыйлықтарыңа көп рахмет, "Массагет"!

     Жеңісті де, жемісті күндерің көп болғай! Көшбасшы болуыңа тілектеспін!

     (Неткен сәйкестік деймін де... Осыдан дәл үш жыл бұрын, 2009 жылдың 24-желтоқсанында облыс әкімінің жастар сыйлығын алған едім. "Ең үздік жас көшбасшы" номинациясы бойынша тағы марапатталып, мерейім үстем болып, толқып тұрған сәтім еді. "Массагеттің" тартуын сол жеңісті жолдың жалғасы деп қабылдадым.)