Марқұм Руслан Әбдісаттарұлы Бөлебай жайында естелік
блог
(Құрметті массагет оқырмандары! Егер де мына жазбада грамматикалық, пунктуациялық(тыныс белгілер) қателер кеткен болса сіздерден алдын-ала кешірім сұраймын).
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасында көгілдір экранның арғы жағынан – «Қайырлы таң, Қазақ елі!»- деп қалың елді күлімдеп оятқан тілші, жүргізуші әрі әнші ретінде танылған Руслан Бөлебайдың мәңгі ұйқыға кеткеніне 5 жылдың жүзі болды. Тура осыдан 5 жыл бұрын шілде айының 16-нан 17-не қараған түні Руслан жол көлік апатына түсіп ауыр дене жарақатының салдарынан ауруханаға жеткізілгеннен кейін ертеңіне көз жұмған еді. Ол көлікте “BR” тобының әншісі Бауыржан Бегимбетов, әнші Нұржан Халжан сонымен қатар 4 жолаушы бар болатын. Бауыржан да сол жол көлік апатынан қаза тапты. Ал қалғандары әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Жол көлік апаты қарсы жолдан шығып келген мас жүргізушілердің кесірінен болған еді. Әттең сол кезде жүргізушілер көліктегі жылдамдықты асырмай жаймен айдағанда, Руслан мен Бауыржан да тірі қалар ма еді?! Кім білсін?! Руслан тірі болғанда 28 жасқа келер еді. Не дегенмен бұл да бір Алланың ісі ғой... Өмірге деген құштарлығы зор бозбаланың жарқын жүзін әріптестері бүгін егіле еске алуда.
Руслан жүрген дара жолдар (қысқаша өмірбаяны)
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бөлебай Руслан (16.5. 1985. Қызылорда облысы Шиелі кенті – 2009. Алматы қаласы) – тележурналист.
ҚазҰУ-нің (2006), журналистика факультетінің магистратурасын бітірген(2008) . Журналистика магистрі дәрежесі бар.
2002 жылдан бастап республикалық Ұлан газетінің қоғамдық тілшісі, 2003 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Қазақ университеті" газетінің штаттағы тілшісі, 2003-2004 жылдары "Арай" журналының жауапты редакторы, 2005 жылы НТК телеарнасында жаңалықтар бөлімінің тілшісі және Ретро ҒМ радиосының жаңалықтар қызметінің жүргізушісі, 2004-2005 жылдары "Оңтүстік астана" жаңалықтар бөлімі жөнінде республикалық-қоғамдық саяси "Azamat.kz" газетінің журналисі, 2005-2006 жж КТК телеарнасы ақпараттар бөлімінің штаттағы тілшісі, КТК арнасында «Шарайна» сараптамалық-бағдарламасының тілшісі, "Күндерек" жаңалықтар қызметінің жүргізушісі, 2007 жылы қантар айынан Қазақстан ұлттық телеарнасында "Таңшолпан" бағдарламасының тележүргізушісі болып қызмет етті.
"Жас Астана – жас жеткіншектер көзімен" атты II Халықаралық фестивалінің (2000), "Окжетпес 2002 Халықаралық фестивалінің лауреаты, "Еуразия шенбері" II Ақпараттық Халықаралық жастар форумының бас жүлдегері, 2004 жылы Дүниежүзілік ВВС радиосы жариялаған "Мен ВВС Қазақ қызметінің басшысы болсам..." атты эссе-байқауының бас жүлдесін жеңіп алып, Лондон қаласындағы ВВС радиосында өндірістік тәжірибеден өткен.
Телеэкранда өзінің жеке дара жүргізушілік талантымен танылған Руслан Әбдісаттарұлы елімізге белгілі асқкақ тұлға Мұхтар Шахановтың, ҚР Халық әншісі Мақпал Жүнісованың, әншілер Майра Ілиясованың, Бақтияр Тайлақбаевтың, Маржан Арапбаеваның, жас қобызшы Акерке Тәжібаеваның және т.б. жеке шығармашылық кештерін жүргізді. Соңғы кездері эстрада саласында әншілік қырынан танылды. "Кең дала", "Сен болмасан", "Жанарым", "Елес", "Мөлдір моншақтар", "Кешікпей келем деп ең", "Махаббатпен ойнама сен", "Іңкәрім-ай" әндерін мәнеріне келтіре орындап, көрермен ықыласына бөленді.
Сұм тағдыр қатал екен... Жұлдыздай жарқ етіп, жоқ болды!
Жанарың жұлдыздай жарқыраған
Биікке басып едің сәтті қадам
Мүшел жасқа енді ғана жеткенде
Арамыздан алып кетті сұм ажал!
Руслан Әбдісаттарұлы Бөлебай қамшының сабындай қысқа ғұмырында талай белестерді бағындырып үлгерді. Жарық жұлдыз екенін де мойындатты. Русланжан, сіз әрдайым халықтың сүйікті тележүргізуші, жарық жұлдызы ретінде жадында қаласыз. Жатқан жеріңіз Жәннатта болғай!!!