Марк Цукерберг

Бұл жылдам миллиардер болған жігіт. Ол Нью-Йорк қаласының жанындағы Доббс-Ферри қалашығында еврей жанұясында дүниеге келеді. Ол 12 жасқа толғанда, туған күніне ата-анасы компьютер сыйлайды. Марк компьютердің көмегімен қолданушы немесе құрастырушы болуды ойластырады. Әрине, программа құрастырушы болуды таңдайды. Кітап құмар болады, бұл еврей баласы үшін күрделі мәселе емес еді.


Цукерберг Мектеп бітірген соң, Гарвардқа оқуға түседі. Бір қызығы, компьютер саласын емес, психологияны таңдайды. Бұл жарнама жасаушылар үшін таптырмас мамандық еді.
Студент кезінде Гарвардтағы «AEF fraternity» еврейлер қауымдастығының құрамында болады. Оның жақсы көретін мәтелі «Мен өзгелер сияқты аса күрделі мәселені құрастырғым келмейді, мен өте қарапайым ұсақты құрастырғым келеді» деген сөз.
Қазіргі кезде Марктің жұмыс орны Калифорнияда орналасқан. Бірақ, ол Сан-Франциско қаласында тұрады. Цукерберг жұмысына, бизнесіне және жеке өміріне араласқандарды жақтырмайды. Бірде Microsoft компаниясымен таңғы сағат 8-де болатын кездесуге кешігіп барады, уақытында үлгеріп бармағаны үшін өзін үлкен жеңіліске ұшырадым деп санайды. Кеш ояну оның әдеті болатын. Тағы бірде Yahoo компаниясымен болған кездесуге өте ерте келіп, компания төрағасын таңқалдырған болатын. 
Бәріне танымал Facebook әлеуметтік желісін Цукерберг гарвардтағы көрші жатақханадағы Дастин Московиц екеуі ойлап табады. Алғашқы мақсаты қыздармен әлеуметтік желі арқылы танысып, араласу еді. Дегендері болып, мақсаттары көп уақыт өтпей орындалады.




Бөлісу: