Маргарет Митчелл «Желмен ғайып болғандар»

Бұрын кітап оқуға көп мән бермейтінмін, бірақ сыныптасымның әсерінен бәрі басталған болатын. Ең алғаш оқыған  кітабым Майн Рид - Всадник без головы. Бұл туралы кейінгі постта айтарым.

(Суретте М.Митчелл-«Желмен ғайып болғандар» кітабын оқуда)

Маған қатты әсер еткен кітап бұл  М.Митчеллдің -Желмен ғайып болғандары. Бұл кітапта қызу қанды қыз Скарлеттің өмірі жайлы айтылмақ.Бірақ маған аса қатты ұнаған кейіпкер Ретт Батлер мырза. Өте ержүрек азамат. Сыртқы көзге хайуан көрінгенмен, жүрегінің адалдығы мол жан. Ол кісі адамдарда қалыптасып қалған, ақылсыз пікірлерге күле қарайтын.Бірақ бәрінің өз шегі болатынын да түсінген, өзінің басынан кешкендер де сабақ болған шығар.* Ал Скарлетт болса өтірік жылтыр мен алтынды айыра алмайтын. Анасының еркесі болып, әлемді өз аяғының астында сезінген шығар. Өзінің өзімшілдік, бірбеткейлігінің кесірінен абырой, беделінен, ең бастысы өзін сүйген шынайы ғашығынан айырылып қалуы.

(Фильмде Скарлетт рөлін  Вивьен Ли леди Оливье, екінші суретте Ретт Батлер кейіпкерін сомдаған Гейбл Кларк)

 

 Кітапты оқу кезінде басты кейіпкерлер үшін қиналған, бірге қуанған сәттер болды. Скарлеттің Батлер мырзаны қадірлемеген кезінде, оны жек көрінтінмін, әттең Скарлеттің орнында өзім болғанда ғой, бүйтер едім деп ойлап қоятынмын. Бірақ мені Ретт мырза ұнайпайтын болар, Скарлеттің қасында өмірге деген құлшынысым далада қалады. (әсірелеу емес, расымен солай) Ең бірінші Ретт Батлерді кітапта кездестіруім. Ол Эшлидің 12 Дубов деген үйінде болған сауық кеші болатын. Кітапхана болған дау деседе болады. Сол кезден бірден сездім бұл кейіпкердің мен үшін маңызды екенін. Кітапта күтпеген жерден ғана шыға келетін. Ол құпия кісі. Бірде бар, бірде жоқ. Жазушының Ретті ерекше қылу қолынан келді.

 

 

Кітапта көптеген қанатты сөздер мені  ойландырды, өзіме ұнағандарын көшіріп алдым.  «Желмен ғайып болғандар» кітабының 2 томнан тұратынын білгенде, көңілім қатты түсті. Бірақ қуантқаны бір жағдай, басқа жазушының бұл романды жалғастырғаны. М. Митчелл ерте жасында қайтыс болды. Сондықтан оның мұрагерлері бұл романары жалғастырушыларды іздестіріп, конкурс арқылы іріктеп, таңдаған. Аты шықпаған, өз бетімен жалғасытырушылар бар бірақ олардың жазғандары онша емес. Сонымен 2 томның жалғасын жазған Александра Рипли- Скарлетт деген романы.

 

*Одан кейін Дональд Маккейнг- Ретт Батлер. А. Рипли өз кітабында Скарлеттің  шығу тегіне көп мән береді. Оның жазғаны керемет, бірақ негізгі нұсқаға жетпес. Әмбепап кітапханада тек Митчелл мен Риплидің кітаптарын табуға болады, ал Маккейнгті таба алмадым. Сондықтан интернетке тапсырыс бердім. Маккейнг кітаптың аты  айтып тұрғандай, Батлер мырзаның құпиясын айтады. Оның ишарат мінезінің неге олай болғанын түсіндіреді десе болады. Оның дұрыс-бұрыстығы белгісіз, бірақ Митчеллдің ойын жеткізе де алған шығар.

Және де Скарлеттің бір көпке әйгілі қанатты сөзі бар. Ханшайымның хикаялары деген дорамада естігем. Бүгіннен ертең дұрысырақ. (өзім аудара салған)

 Айтарым осы, бірінші жазбам, қатем болса, айып етпеңіздер. Өзіңізге қатты әсер еткен кітап болды ма? Болса қандай? Пікірлеріңізді айта кетіңіздер!

P.S: Барлық суреттер ғаламтордан алынған.



Бөлісу: