Аргентина ұлттық құрамасы қатарынан үш әлем чемпионаты бәсекелерінде (1974, 1978, 1982) футболшыларға нөмір таңдауда олардың фамилияларының алфавит тәртібінде бас әріптерін есепке алғандығы өте қызық факт. Нәтижесінде 1978 жылғы әлем чемпионатында негізгі қақпашы Убальдо Фильол 5-санында тізімнен өткен болса, 1982 жылғы әлем чемпионаты бәсекесінде қақпашыға 7 саны нәсіп еткен. Негізінде қақпашыларға тиісілі болған 1 нөмірінде, аргентиналықтардың сол уақыттағы ең танымал қорғаушысы Освальдо Ардилес доп тепкен.
1982 жылғы мундиалдада ұлттық құрама бапкерлері штабы нөмерлерді футболшылардың фамилиясы бас әріптеріне қарап бөлген. Бірақ, Марадонаға келгенде бұл “ереже”ні шеттеп өтуге мәжбүр болады. Алфавит бойынша 12 саны нәсіп еткен Марадонаға, «10» санының “негізгі” егесі Патрисио Эрнандеспен сандарын алмасуға бапкерлер келісім береді.
МАРАДОНА
1986 жылы әлем чемпионатында аргентиналықтар және бір рет осы “трюк”ті амалға асыруға кіріскенінде құраманың екі футболшысы – құрама капитаны Даниель Пасарелла және құрама жұлдыздарынан бірі Хорхе Вальданолар бұл “ереже”ге қарсылық білдіреді. Жоқ, олар Марадонадан «10» санын алып қоюды талап етпеді, тек өздерініңде ең сүйікті сандарында алаңға шығарылуын сұрады. Бапкерлер штабыда, құраманың негізгі ойыншылары саналатын екі футболшымен “сен-мен”ге баруды қаламады және оларға сүйікті сандарын таңдауға мүмкіндік берді. Сойлай етіп, Пасарелла өзінің сүйікті саны – 6, Вальдано болса 11 санын өзінікі етіп алды.
Осы мундиалда аргентиналықтар әлем чемпионы атанады. Мүмкін, сан таңдау мәселесіне осы нәтиеже септігін тигізген болуы мүмкін? Бұл жағы бізге белгісіз. Қалай болғандада Марадонаның 5 голы және Вальданоның 4 голы Аргентинаның әлем кубогын өз елдеріне алып кетуіне септігін тигізгені анық. Қайталанбас ойын өрнегін көрсеткен Диегоның финал бәсекесіндегі екі голы арқылы оның «10»-ыншы нөмірі Аргентинаның өзіне тән рәмізіне айналды. Бұл сан Аргентинаның мақтанышы ретінде жанкүйерлер жүрегінде сақталып қалды...
Марадона футболмен қоштасқан соң әйгілі 10 саны астында өте көптеген футболшылар Аргентина атынан алаңға шықты. Бірақ, бұл «10»ның «жүгі» олардың баршасына ауырлық етті. Өйткені футбол «аңызы»нан соң ешқандай футболшыға бұл сан алаңда бақыт сыйламады.
Марадонадан кейін 10 саны Диего Симеонеге бұйырды (1991-92), уақыт өте Аргентинаның ең үзді жас футболшысы Марсело Гальардо осы бақытқа жеткен ең жас ойыншы атанды. 1998-2002 жылдар аралығында Ориель Ортега, 2004 жылда Андрес Д’Аллесандро, 2006 жылда Хуан Рамон Рикельме және қазірге ең соңғысы Лионель Месси.
ОРИЕЛЬ ОРТЕГА
Және бір факт: 1998 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында «10» саны аргентиналықтардың сол уақыттағы жұлдызы Ориель Ортегага нәсіп етеді. Әлем чемпионатында «жұлдыз» болуы жорамалданған танымал футболшы ширек финалға дейін айтарлықтай керемет көрсете алмады, ширек финалда Голландияга қарсы ойнаған ойынында антиқаҳрманға айналды. Ойын уақытында алғашында симуляция үшін ескерту алады, аздаған уақыттан соң қақпашыға “басын” тосып алаңнан шеттетіледі және командаластарын қиын жағыдайда қалдырады. Аргентина бұл кездесуде жеңіліске ұшырап мундиалмен қоштасқаны әлі ел есінде болар !
Бұл сәтсіздікке қарамай аргентиналықтар көп бас қатырмастан 1999 жылы Копа Америка турнирінен алдын «10» нөмірін Ортегада қалдырды. Копа Америкада бірде бір гол соға алмаған Ортега және оның ұжымы ширек финалда турнирмен қош айтысады.
«10» санына байланысты келіспеушіліктер 2001 жылдан бастау алды. Осы жылы Аргентина Футболы басшылары үлкен бір шарада аңыз ойыншы Диего Марадонаға «10» саны түсірілген аспан түстес жидені салтанатты түрде тапсырады. Бұл дегені, өз өзінен «10» саны бір өмірге Марадонаға біріктірілгендігі және бұдан былай ешқандай футболшы танымал санмен алаңға түсе алмастығын білдіретін еді.
Аргентина футболы басшылығы осы секілді шешімдердің және ұлттық чемпионаттағы қандайда “ноу хау” халықаралық алаңдарда өтпестігін еш түсінгісі келмейтін. Өйткені халықаралық алаңда көрінген федерация немесе ассоцияциялар емес, ФИФА деп аталатын бюрократик машина баршаға қожайындық ететінін ұмытқандай. Дей тұрғанмен, ФИФА уставына сәйкес ұлттық құрамалар ойыншылары халықаралық алаңда 1 ден 23 ке дейінгі аралықта сандық тізімнен өтуі тиіс.
2002 жылы әлем чемпионаты қарсаңында аргентиналықтар ФИФАға 23 футболшы тізімнен өткен заявканы жөнелтеді. Бірақ, футболшылар 1 ден 23 ке дейін емес, 1 ден 24 ке дейінгі сандармен тізімнен өткені және «10» саны вакант ретінде ешкімге берілмегені көрсетілген. Бірақ, ФИФАдағылар бұған баста ауыртып отырмады және аргентиналықтарға “америка ашу” керек емес екендігін ескертті. Сонымен бірге Зепп Блаттерде бір интервьюсінде аргентиналықтардың бұл ұсынысын өте күлкілі деп атады және ашу үстінде әзіл шыны аралас, аргентиналықтар «10» санын кімге берерін білмей отырған болса, оны ұлттық құраманың үшінші қақпашысы Роберто Бонаноға беруді ұсыныс етті.
Реніш білдірген аргентиналықтар Блаттердің ұсынысын қабыл алмады және «10» санын алдынғы иесі Ориель Ортегаға қайта берді. Аргентина Корея және Япония жасыл алаңдарында өткен әлем чемпионатында сәтсіз ойын көрсетіп топтық басқышта ақ үйлеріне қайтты. «10» нөмірлі Ориель Ортега болса аргентиналық жанкүйерлерінің қатты сынына ұшырады. Жалпы алғанда, сәтсіздіктен соң кім болуына қарамастан 10 сан иегері басқалардан көбірек сынға ұшырауы әдеттегі жағыдайға айналған еді.
2006 жылғы мундиалда «10» нөмірмен Хуан Рамон Рикельме Германияға жол алды. Сол жылдары шынында да Аргентинаның ең үздік футболшысы деп есептелінетін Рикельмеде бәсеке барысында бірде бір гол соға алмай үйге қайтуға мәжбүр болды.
Содан соң, фанаттар, журналистер және футбол төңірегіндегі барша жұрт 10 санына байлнысты әр алуан версияларды ұсына бастады. Бұл санмен байланысты түсініп болмас факттер, аңыздар пайда болды. Бұл сан енділікте барша оған егелік ететін ойыншыларға бақытсыздық алып келеді деген пікірлер айтыла бастағанда, үлкен сахнаға санның негізгі егесі – Марадона шықты. Аты аңызға айналған футболшы нөмірін өз қолымен Лионель Мессиге тапсырды және оған сәттілік тіледі. Бірақ, сол уақыттағы әлемнің ең үздік ойыншысы ОАР алаңдарында алдынғы 10 санының егелерінің жағыдайына түсіп қалды. 5 ойында бір голда соға алмаған Месси ширек финалдағы сүреңсіз ойынынан соң командаластарымен елдеріне қайтты.
ЛИОНЕЛЬ МЕССИ
Арадан бір жыл уақыт өтіп, Аргентина Копа Америка турнирін өз елінде қабылдайды, бірақ сәтсіздік әлі де жалғасын табуда екен. Месси турнирді және голсыз аяқтады, Аргентина болса, және турнирді ширек финалдан аяқтады. Болашақ чемпион – Уругвай пенальтилар сериясында Месси және оның командасын «сындырып» тастады.