Маңызды құжаттар мен файлдарды қайда сақтаған дұрыс немесе мен ұсынатын заманауй тәсілді білгіңіз келе ме?
блог
Сәлем, құрметті оқырман. Қазіргі уақытта халықтың жұмысы компьютерге қарай ауысып келе жатыр, яғни ең маңызды құжаттар мен файлдарды да сол компьютерінде сақтап жатады. Бірақ сіз білесіз бе? бұл қауіпті. Мысалы сіз бір апта бойы 4 жыл бойы оқыған дипломдық жұмысыңызды жаздыңыз деп алайық, бірақ ол сақталған компьютер бұзылып ішіндегі барлық файлдар өшіп қалды, бұндай жағдайда сіз не істеуіңіз мүмкін?
Дәл осындай жағдай болмаса да, осыған ұқсас жағдайлар басыңыздан өткен шығар, ойланып көріңіз. Ал бүгін біз осындай жағдайдан қалай сақтануға болады, сол жағын заманауй тәсілдер арқылы шешіп қараймыз. Ендеше кеттік...
Жалпы компьютер пайда болғаннан бері әртүрлі ақпарат, тасығыштар: диск, флешка тағы да басқа көмекші құралдар пайда болды, бірақ бұл заманауй өмірде, маңызды ақпаратты сақтауда тиімсіз. Сондықтан басқа шешім керек, ал бұндай жағдайда бұлтты технологияны қолдануға болады.