Mangylyk EL

Mangylyk EL
жеке
блог

Жер қойнауында табиғи байлықтардың барлығы кездесетін, көлемі бойынша әлемде

тоғызыншы орынды алатын, 100 ден астам ұлт өкілі мызғымай тыныштықта тұрып

жатқан мемлекеттің аты – Қазақстан деп аталады. Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге көп

болмағанмен әлеуметтік- эконмикалық саясатты дұрыс жүргізіп, саяси тұрақтылыққа

ие болған еліміз - Әлемдік аренада өзіндік орынға ие болды, алыс-жақын шет

таныды. «Қазақстан» атымен әлемге әйгілі бола бастаған елімізді Елбасымыздың

бастауымен «Қазақ елі» деп атау туралы ұсынысы халық арасында кеңінен талқылауға

түсті. Халықтың көпшілі бұл ұсынысқа жөн деп санайды, қарсы келгендер де бар.

Бұл туралы елбасымыз Орта Азияда «стан» дегенмен аяқталатын саяси тұрақсыз,

экономикалық жағынан артта қалған мемлекеттер бар, шетелден инвестроларды

тарту үшін елдің ерекшеленіп тұрғаны жөн дегенді алға тартады. Бұл идея жөнінде

Мұрат Әбенов, Виктор Рогалев секілді мәжіліс депутаттары мен қатар біршама саяси

қайраткерлер өзінің оң көзқарастарын білдірді. Осы айтылғандарды саралай келе оң және

теріс жақтарын көрсетуге болады.

1. Қазақстанда көп ұлт өкілі орналасқанмен бұл қазақтардың қасық қаны тамған

қасиетті жер. Сондықтан «Қазақ елі» деп атау қазақ халқы үшін расында әділетті

болған болар еді.

2. Екінші жағынан жаңа атқа ие болған мемлекет инвесторларды қызықтырары кәміл.

3. Экономикасының 85% туризмнен тұратын испанияны мысалға алатын болсақ

елімізге туристерді тартудың жаңаша бағытының алғышарты болған болар еді.

Оның тиімсіз жағына келер болсақ:

1. Шет мемлекеттермен қағаз алмасу жаңа атта жолға қойылады. Жаңа әнұранымызға

біршама жыл өтсе де көп жерде ескі әнұранымыз қойылып өрескел қателіктер кетіп

жатыр. Сол секілді жаңа еліміздің аты біраз әуреге салмасын дейік.

2. Елімізде көптеген ұлт өкілі орналасқандықтан бұл мәселеге өте нәзік қарау керек.

Қорыта келгенде Осыншама Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан ғайыр атырапты

бабаларымыз қасық қанымен қорғаған, қаншама қырғынды бастан кешті. Оған

басқа ұлт өкілдері көз алартпаса жаны ашымағаны белгілі. Сондықтан менің

ойымша «Қазақ елі» деп атаған жөн. Осы қазақ елінің құраушысы қазақтар, негізгі

келешегі қазақтар. Бұл - менің елім, Бұл - Қазақтың елі.