Бұл киелі орын негізі XIII-XIX ғасыр ескерткішіне жатады. Қорымда жер асты мешіті бар. Жұртшылықтың айтуы бойынша Қараман ата жер асты мешітінде бұрын бала оқытқан екен. Бұл жер асты мешіті Есен ата қорымына дейін созылып жатыр.
Қараман ата басына түнеп, тілек тілеп, зират етіп келушілер өте көп. Жалпы Қараман атаны жастардың тілегін қабыл етуші дейді.