МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР СЫЙҒА БЕРІЛДІ
жеке
блог
блог
МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Жыл сайын дәстүрлі түрде 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың білім алмауының алдын алуға бағытталған «Мектепке жол» акциясы өткізіліп келеді.
⠀
Бүгін осы акция шеңберінде «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының бастамасымен Ақтау қаласы бойынша 50-отбасыға мектепке қажетті құралдар мен кеңсе тауарларын алуға сертификаттар берілді.
⠀
«Алдымен белсенді жастар көмекке мұқтаж балалардың тізімін дайындады. Бұл – 50 баланы қамтыды. Содан соң, жомарт жандарға, кәсіпкерлерге, партияның белсенді азаматтарына хабарласып осы акцияға демеуші болуға көмек сұралды. Бізді қолдаған барша жанға алғыс білдіреміз. Сонымен қоса, мен барлық жерлестеріме «Мектепке жол» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасатынын және оған белсенді қатысуға мүмкіндік бар екенін жеткізгім келеді. Биыл оқу жылы қашықтықтан өтуіне орай әлеуметтік осал топтарға қазіргі уақытта ұялы телефон мен ноутбук секілді құралдардың аса қажет екеніне баса назар аудартқым келеді» дейді «Jas Otan» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Н.С.Мағдатов.
⠀
«Менің 4 балам бар. Бүгін жетінші сынып оқитын қызыма оқу құралдары салынған сөмкені алып отырмын.Кеше бізге жастар қанатының белсенділері телефон соғып, қалалық филиал ғимаратына келуге шақырды.Мен қатты қуандым.Қызымда қатты қуанатын болады. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын» дейді акцияға қатысушы Айшуақова Гүлжан.
⠀
Сонымен қоса, акцияға қатысушы 9 жастағы Жігер Берікбайұлы Абайдың өлеңін оқып, аға-апаларына алғысын білдірді.
⠀
Аталған акцияның өтуіне ықпал еткен Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі В.Трифоновқа, Ақтау қалалық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Дощановқа, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы комиссиясының төрайымы Б.Жалмағанбетоваға, ЖШС «Асыл Транс Груп» директоры Р.Аймурзаеваға және «Марфуға» дүкені, «Біз адамбыз-біз біргеміз» қоғамдық қорына жастар атынан алғыс білдіреміз.