Маңғыстаулық жастар қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханмен кездесті

Ақтау қаласындағы «Дарын» қосымша білім беру орталығының «Балдәурен» базасында ағымдағы жылдың 18–21 тамыз күндері өткен «Жастар – Отанға» жобасы бойынша Маңғыстау жастарының саяси лагері өтті. Лагерь екінші рет Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тікелей қолдауымен өткізіліп, негізгі қатысушылары ауыл жастары мен жұмысшы жастар болды. Шараға одан басқа да жастар ұйымдарының жетекшілері, қалалық, аудандық, ауылдық жерлердегі «Жас Отан»–ның белсенділері, әлеуметтік желілердіңбелгілі пайдаланушылары, жергілікті БАҚ өкілдері қатыстырылды.

           80-ге жуық жастардың басын біріктіріп, достық қарым қатынасты қалыптастырған лагердің негізгі мақсаты - облыс көлемінде жастар саясатын одан әрі дамыту, ауыл және жұмысшы жастарына барынша қолдау көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалар мен патриоттық бағыттағы іс – әрекеттермен ақпараттандыру, жастар ортасында  табысты жас қазақстандықтың кейпін  құру, ауылдық және жұмысшы жастарды қоғамдық өмірге тарту, қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

           4 күн бойы ұйымдастырылған саяси лагерде семинар тренингтер, спорттық шаралар, кездесулер, психологиялық ойындар мен салихалы әңгімелер болды. Қатысушылар топ-топпен бәсекелестікте жұмыс жасап, мағыналы әрі қызықты шара өткізді.

           Алғашқы күндері жастар психологиялық тренингтерден өтті.

            Екінші күні Маңғыстау жастары аталған демалыс орында қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханмен кездесіп, салихалы әңгіме, маңызды мағыналы ақыл кеңестер айтылды. Әсерлі кездесу жоғары деңгейде өтті. Патриотизм туралы әңгіме басталып, елдегі жетістіктер туралы жалғасты. Жастар басқа да сұрақтарына жауаптар алды. 



Бөлісу: