Осы жаңа жылды мен Ақтау қаласында қарсы алдым. Өзімнің жан құрбым Инабат екеуміз " Шерқала " деген терең тарихи тамыры бар, кең далада орналасқан, табиғаты әсем жеріне экскурсияға бардық. Бұл ерекше мекен.
Шерқала қырқасы - Жем өзенінің орта бөлігінің шығысындағы бұйратты қырқа. " Қырқа " - араб тілінен аударғанда " жолбарыс қала " деген мағынада. Ол оңт.- батыстан басталып, солт.- шығысқа қарай 95-100 км шамасында созылып жатыр, ені 15-20 км. Абсолют биіктігіне келсек 272 м. Ол жердің топырағы құнарсыз болып келеді. Жусан, сораңшөп сияқты шөптер өседі.
Тарихы туралы айтып кетсек, кезінде Бозащы түбегінен Хорезм мен Хиуаға жүретін жол бойындағы осы қырқалы тауда әскери қамал болған екен. Пирамида тәрізді таудың солт.- шығысында түбінен жол салынған болатын. Шерқаланы үңгіп қазылған таннель көтерілген сайын екі тарау болып, қырқалы тау үстіне шығады. Осы қамалдың ұзындығы 300 м болды. Ернеулерінде сыйымдылығы 2-3 адамдық атқым-садақшыларға арналған орын болатын.
Поляк революционері Б. Залесскийдің айтуы бойынша: " Шерқалаға алыстан қарағанда, Римнің керемет пантсондарын, ежелгі замандардың ескерткіштерін көргендей боласың. Жақындап келгенде, жеке қабырғалардың колонналарын, қираған мүсіндер сияқты ақ таулардың бағандарын көресің " - дейді.
Сонымен қорыта келгенде осы экскурсияның арқасында көптеген жерлерді көріп, мен үшін тарихта жаңа бет ашылғандай. Маңғыстау облысының әлі де алда біз үшін құпиялары көп.