Ақтау қаласындағы «Жастар үйі» ғимаратында жастармен кездесу өтті. Талқылайтын мәселе биылғы Елбасы жолдауындағы басымдылықтар мен жастар саясаты төңірегінде болды. Кездесуге қаладағы «ForteBank» филиалының директоры, Маңғыстау облыстық маслихатының депутаты Урисбаев Аббат Жәігірханұлы келді.
Кездесу қызықты әрі маңызды өтті. Аббат Жәңгірханұлы жиналған жастарға өзінің өмір тәжірибесінен бастап, қызметтегі қиындықтар мен жеткен жетістіктері туралы айтып, жастардың қызығушылығын күшейтті. Сөз барысында депутат жеткен жетістігіне өзінің еңбекқорлығы, жауапкершілігі мен жұмысқа деген икемділігі себеп болды дейді. Банк саласындағы қызықты кездерін айтып, жас мамандарға кеңестерін жеткізді.
Жастар тарапынан депутаттық кезеңнен бастап сұрақтар қойылды. Облыс көлемінде жоспарланған ауқымды шаралары мен жобаларын айтты. Депутаттық мандаттың жауапкершілігін өзінің мәслихаттағы миссиясымен түсіндірген халық қалаулысы жастарға қызметтік өсімнің қыр сырын түсіндірді. Белгілі бір маман иесі атанудың тиімді жолы ізденіп білім жинау, ерінбей еңбек ету деп қорытындылады. Жиын соңында өзінің кеңесін де айтты, сәттілік тілеп естелік суретке түсті.
«Еркін пікір» дискуссиялық алаңы Ақтау қалалық жастар орталығы мен бірлесе өткізіліп, алда жоспарлы кездесулер қойылды.