Мәңгілік өмір жоқ!

Мәңгілік өмір жоқ!
жеке
блог

Жерлестері оны «Сталиннің сыныптасы» деп жатады. Өйткені екеуі де бір жылдың төлі. Антиса екі Дүниежүзілік соғысты да көрді, Қазан төңкерісін бастан өткерді, Қайта құру кезеңімен КСРО күйреуінің куәгері, тәуелсіздіктің басында Грузияда күркіреп өткен азамат соғысын, Ресей-Грузия қақтығысын көрді. «Оның ұзақ өмір сүруінің негізі неде?» дегенге келетін болсақ, Антиса өмір бойы ауыл шаруашылығында жұмыс істеген. Үнемі қозғалыста болған. Ал қозғалыс ұзақ өмір сүрудің кепілі екені белгілі. Бірақ қытайлық Ли Циньюньның жанында Антисаның жасы жас па, тәйірі.
Ли Циньюнь 1677 жылы жарық дүние есігін ашып, оны 1933 жылы қайта жапқан. Яғни 256 жыл жарық жалғанды жалпығынан басып жүрген. Міне, нағыз ұзақ өмір сүруші деп осыны айт. Ол ғұмырында 23 рет үйленген. 200-ден астам бала-шағасы бар. Тек 24-«жары» ғана жесір атанған. «Ұзақ өмір сүрудің сыры неде?» деп сұраған жанға ол: «жүректі үнемі тыныштықта сақта, тасбақаша отыр, жүргенде кептердей ұшқыр бол, сосын итше жатып ұйықта» дейді екен. Оның бүкіл өмірі Сычуан тауында дәрумен мен емдік шөптер жинаумен өтіпті. Сондай-ақ шығыс жекпе-жегін керемет меңгерген һәм осы өнердің ұстазы болған.
Ал әзірбайжан ұлтының ұлы Ширали Муслимов 1805 жылы өмірге келіп, 1973 жылы қайтыс болған. 168 жыл өмір сүрді деуге болады. Оның бүкіл ғұмыры тауда мал бағумен өткенге ұқсайды. «Мен таудың таза бұлағынан су іштім, мал сүтінің уызын жедім, таудың таза ауасы, ол жерде өсетін құнарлы жеміс-жидек және көтеріңкі көңіл-күй менің өмірімді ұзартты» дейді екен ақсақал.
Бұл жалғанда ұзақ өмір сүріп, «Гиннестің рекордтар кітабына» енгендер көп. Бірақ адам өмірі мәңгілік емес.