Мәңігілік махаббат

Мәңігілік махаббат
жеке
блог

Дәл ғашықтар күнінде ол сүйіктісіне  жүрегін, өмірін арнап, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап еді. Ол да бірден келісті. Өйткені бір-біріне деген ыстық махаббатқа екеуі де мас еді.Бір-бірнсіз өмірді елестете де алмаушы еді. Содан бері міне 35 жыл өтті. Екеуі  үйлі, балалы-шағалы болып, самайларына ақ түскені болмаса, бір-біріне деген сезімдері әлі мызғымаған қалпында қалды.  Әр жылы ғашықтар күніне міндетті түрде сүйіктісіне бір шоқ  раушан гүл сыйлайтын. 35 жылда 35 шоқ гүл сыйлаған еді. Және әр гүлде міндетті түрде "менің саған деген махаббатым арта түсуде" деп өз қолымен жазылған ашықхат жазуды ұмытпаған. Ол отбасының салтына айналды. Осылай жалғаса берер еді, қатал тағдыр оны аурухананың кереуетіне таңбағанда...

Ауруханадан өкінішке орай аман қайтпады. Сұм ажал оны бауырына қысып, сүйікті жары мен сүйкімді балаларынан айырды. Сүйіктісіне бұл жағдай өте ауыр тиді. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылды. Ол үшін жанын құрбан етер еді, балалары үшін барлық қасіретке төтеп беруге тура келді.

 Қабырғадағы күнтізбенің парағын үзді. Тағы да ғашықтар күні келіп қалыпты. Көзінен селдей аққан жасқа ие бола алмаған оны   екі ұлы мен қызы құшақтап әзер  жұбатты.  Терең ойдың тұнғиығына батып кеткен оларды есіктің қоңырауы селт еткізді.  Есікті ашса ешкім жоқ, тек жерге бір шоқ раушан гүлін біреу қойып кетіпті. Түкке түсінбеген олар гүл орағыштың бір шетінде көрсетілген флористика агенттігінің нөміріне қоңырау шалды.

- Сәлеметсіз бе, сіздер бүгін (мекен-жайын айтып) гүл шоғын қалдырып кетіпсіздер, бұл бір қателік болар- деп еді, ар жағынан

- Сәлеметсіз бе, ешқандай қателік емес, Сіздің жолдасыңыз біздің агенттікпен келісім шартқа отырып алдын-ала көп  жылға ақысын төлеп қойған. Гүлдің ішінде ашықхат бар, сенбесеңіз оқыңыз-деді. Төбесінен жай түскендей, тұтқаны тастай салды. Раушандардың  ішінен қолы дірілдеп кішкентай парақшаны   алды. Расында сүйіктісінен келген. Ашықхатта "менің саған деген махаббатым  мәңгілік" деп өз қолымен жазып кеткен екен.