Мәңгілік Ел
блог
Әрбір Қазақстандық өзін сыйлай білетін азаматтың сыйластығы елінен, жерінен басталатыны белгілі емес пе? Ия , өткен тарихын білетін адам, өзінің қазіргісін және болашақ өміріне де нық қадам баса алады. Қазақстанның тарихын, ел болуын, оңайлықпен қол жеткізбегенімізді, ата-бабамыздың біз үшін жанын шүберекке түйіп, қайраттылықпен тәуелсіз елге жеткенін көз алдымыздан өткізсек қалай қарайсыздар?
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстын болып өткеніне де 77 жыл толып қалса да, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Мен үшін жеңіс күні - бұл саң мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке деп білемін. Бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жеңімпаздығын, Отанын қорғаған жауынгер - солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Отан қорғау жолында 1941-1945-ші жылдары ең көп қырылған Қазақ солдаттары еді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 1965 мың адам қару асынып,майданға атанды. 700 мың адам еңбек армиясының тобында болды. Соғыстан тек 410 мың Қазақстандық жауынгер адам оралды. Соңында Ислам Жеменейдің өзі : " Мен үшін Отаныма адал салдат болудан арттық бақыт жоқ" деген екен. Ф.М. Дотоевский өзінің бір хатында: "өз отанының мүддесін қорғап, өміріңді құрбан етуден асқан мұрат жоқ",- деп жазған.
Біздің ата-бабамыздың жеріне деген махаббаты мен жанқиярлығы, олардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі Қазақстанның жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл - қазіргі біз жастар үшін рухани байлық пен ұлтымыздың сыйластығына бағыт-бағдар беретіне нық сенімдімін. Тағы да айтудан жалықпаймын жеңіс күні - абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылықпен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Соғыс арқылы, ата-бабамыз Қазақ халқы өзінің Отанына , жеріне деген патриоттық деген сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Білесіздер 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Сергей Луганский және солар секілді жері үшін жанын шүберекке түйген батырларымыз. Ақындарда барынша өлеңдерімен біздің ер жүрек батырларымызға да барыншы қолдау, күш-жігер көрсеткен ақындарымызда бар.
Солардың бірі:
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін.. - деп Жамбыл Жабаев атамыз ауыр тағдыры туралы айтып кеткенеді. Осындай қолдаулардың арқасында жеңіске жеттіп, 9 мамыр жеңіс күні деп белгіленіп, әлі де мерекені атап өтеміз. Мерекені ұмыт қалдыру мүмкін емес деп ойлаймын, себебі ата-әжеміздің батырлығы , бұл ауыр еңбек.Жауынгер ерлігі және жеңісті еңбегімен соққан жауынгерлердің ерен ерліктері әрқашанда жүрегімізде сақталады. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз - болашақ ұрпақты Отанын сүюге , елінің , жерінің адал патриоттары достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы Отан сүйгіштікке баулу,тәрбиелеу десемде қателеспейтін шығармын.1945 жылы 9 мамыр ұлы жеңіспен аяқталып,1937 жылы жылы Қазан революциясына дейін халқымыз орталық езгіге қарсы 400-ден астам көтеріліске шығып, наразылық көрсетті.1986 жылы желтоқсан Тәуелсіздік үшін азаттыққа шыққан қаралы жыл болды.
Негізінен адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағ болатын оқиғаны әрі аңсай ,әрі абыржи тосты емес пе? Әсіресе , ғасыр мыңжылдық сынды, тарихта өшпес із қалатын межелі кезеңдер таяғанда қатты қобалжығаны да рас. Ләззат Асанова, Қайраи Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова секілді аға-тәтелеріміз отанын соншалық сүймегенде тәуелсіз мемлекет болар ма едік? Қазақ хлқына жабылған жаланың күшін жойуға мәжбүр белгілі. Жазықсыз, қиянатпен оқк орнынан шығарылған, сотталған сан мыңдаған қыз-жігіттер кейін ресми ақталды. Бірақ олардың жүректерінде қалған сызат дақ кете қойды ма екен? Талайдын зардабын шегіп, қасіреттін тартты. Қаншама өрімдей жасөспірім қанаты қайырылса да намысын жерге таптаттпай, еңселерін биік ұстады. Бірақ, сырын сыртқа шығармай, шерін тарқата алмай іштен тынды. Заман рйы солай болды.
Тәуелсіздік- ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухынның жемісі. Халықтың үні, ұлттық тілі мен асқақ арманы. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде танылдық.
Өсер елдң қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула , лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! - деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы 1991 жылы 16 желтоқсан тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десекте болады. Халқымыз еркіндікті аңсап, Тәуелсіздікке зарыға жеттік. Ал, мұны дүниенің жаратылысымен тарих дөңгелегінің заманалары белесіндегі қасиеттерімен даралап айтсақ, Қазақстанда бұл дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық. Бір жолдауында Н.Ә.Назарбаев :" Біз тәуелсіздікттк ақылмен, ата-бабажолымен алдық деп ойлаймын"деген. Міне, еліміз көркейіп келеді. 50 елдің қатарына қосылып, енді 30 елдің қатарына іліну біздің мақсатымыз. Мағжан Жұмабаев " Мен жастарға сенемін",-деп халқына жар салғанын білеміз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : " Жастар - біздің болашағымыз" - деп үндегендей Қазақстанның болашағы бізбіз. Найзаның ұшымен, білектің күшімен алған Тәуелсіздіктің туын биік ұстайық.