Мәңгілік Ел - 2050

Қазақ хандығы – қазақ халқының XV және XIX ғасырлар аралығында қанат жайған тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Ұлан-ғайыр жерді мекендеген қазақ тайпаларының шоғырлануы, қазақтың этникалық территориясын біріктіру, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдында жеке ел болып қалыптасуы Қазақстан тарихында аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

     Тарихшылардың зерттеулеріне қарағанда, қазақ хандығы құрылғанға дейін Ертістен Еділге дейін созылған ұлан-байтақ далада үлкенді-кішілі саяси құрылымдар, мемлекеттер өмір сүрген. Мұның бәрі қазақ хандығына дейінгі қалалар, буын-бунақтар, Қазақ елі деген алып бәйтеректің өзіне нәр берген түптамырлардың қайнар бастауы болған.

Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Шу мен Талас өзендері бойындағы Қозыбасқа қоныстанып, Қазақ хандығын құрды. Бұл ел болып қалыптасқалы түбегейлі өзгерістерге ұщырап, елеулі оқиғаларға толы болды. Керей сұлтан таққа отырып, билік тізгінін қолға алды. Ақылдасар тірегі Жәнібек сұлтан болды.  XV ғасырдың 50-70 жылдарында Әбілхайыр ханның қол астынан 200 мыңдай адамның үдере көшіп, Керей мен Жәнібек хандардың қол астына келуі, қазақ халқының санын, күш-қуатын еселеп арттырып, мәртебе-мерейін көтергені айқын дәлел болды.

     Керей ханның қандай жағдайда, қай жылы қайтыс болғандығы жөнінде нақты мәліметтер жоқ.Керей ханның үш баласы болды. Олар: Бұрындық хан, Қожа-Мұхаммед және Сұлтан Әлі. Оның ішінде 30 жылдай астам Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханнан соң тақ билігі түпкілікті түрде Жәнібек ханның қалған екі ұлы жөнінде деректер кездеспейді.

   Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын саяси және экономикалық тұрғыдан нығайта түсу қажеттілігін түсінді. Сөйтіп, қалалар қалпына келтіріліп, жаңа жайылымдар шеріліп, сауда-саттық пен қолөнер дамып, қазақтардың біртұтас аумағы құрылды.Ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырлануы, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдында жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтау аса маңызды және шешуші рөл атқарды. Биыл Керей мен Жәнібек Қозыбасқа орналасып, қазақтың көк туын көкке көтергеніне 550 жыл толып отыр. Бұл қазақ елінің бірлігі мен ынтымағы, татулығы мен дархандығы, ізеттілігі мен ізденімпаздығының айқын ойсарлы дәлелі екеніне ешкім шүбә келтіре алмасы һақ!

    Ата-бабаларымыз ұлан-байтақ қазақ жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен сыртқы жаулардан қорғап келді. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан бастап, қазақ халқының басынан қаншама қатер төнді, небір сұрапыл оқиғалар өтті. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылып, берекесі кетіп, құты қашты. Ресейдің өгей баласындай, Патша үкіметінің отарында болды. Еліміз ұлт-азаттық көтерілістің талайын басынан кешірді. Қазақ деген батыр халық. Сөйлесе, Қазыбек данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі, дауласа қалса Бөгенбайдай, Қабанбайдай, Бауыржандай ерлері бар, қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірегі бар ел.

    Өркениетке ұмтылған еліміз сан ғасырлар бойы аңсаған арман – тәуелсіздікке қол жеткізді. Қазақ халқының даласы қандай кең болса, жүрегі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, көңілі де сондай бай. «Отан оттан да ыстық» демекші, Отан үшін талай боздақтар қалмақтармен шайқаста, одан кейін революция кезінде, 1941-1945 жылы неміс фашистерімен шайқаста жанын пида етті. Бостандық үшін артында қалған жас ұрпақтың болашағы үшін намысты ұлдарымыз бен қыздарымыз жалаңаш кеудесін отқа тосты. Міне, қайтпас қайсарлық пен рух біздің аға-әпкелерімізді тәуелсіздік жолындағы күреске алып келді. Тәуелсіздік ұлттың санасын оятып, ата-баба жолына үңілдірді. Тәуелсіздік жолы – ұлы жол. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсаған еркіндіктің тізгіні қолымызға тиді. Қазақтың басына бақыт құсы қонды. Бейбітшілік құсының орын тебуі, тұрақтап қалуы тікелей өзімізге байланысты.

    Біз XXI ғасырдың есігін айқара ашып, төріне кіріп отырмыз. Бұл алтын ғасыр, Қазақстан үшін жасампаз, жаңғыру, дәуірлеу ғасыры. «Қазақстан 2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандық жол-2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына жолдауын жария етті. Жолдау Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесімен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы.

   Бір мақсат – бұл мәңгілік елді нығайту, Отанымыз Қазақстанның Тәуелсіздігін уысымыздан шығарып алмау.

   Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз.

   Бір болашақ – бұл мәңгілік елдің, бір ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі.

   Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық стратегиясын орындау туралы тапсырманы ерекше зейін шабытпен қабылдады. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жеті қағидасы:

  1) Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі.

  2) Ұлттық бірлік, біздің қоғамдағы бітім мен келісім.

  3) Зайырлы қоғам және жоғары руханилық.

  4) Индустрияландыру мен инновациялар кезіндегі экономикалық өсім.

  5) Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы.

  6) Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтастығы.

  7) Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық ат салысуы.

  Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстанды құрушы – жалпы ұлттық құндылықтар.

  Мәңгілік ел болу ата-бабаларымыздың армандаған, аңсаған асыл мұратты жас ұрпаққа ардақ тұтатындықтан, мемлекет орнату дегенді, енді ешқашан бөгденің бодандығына түспейтін, халықтығын, ұлттығын, елдігін, мемлекеттілігін әрқашан әспеттейтін, үлгілі үрдістерін мақтан етіп, бар заманда да ұлы мен қызының бағы басында тұратын, барша халықтың бақытты, баянды болатын ел құру болды.

 



Бөлісу: