Мәңгілік Ел
блог
Әрбір Қазақстандық өзін сыйлай білетін азаматтың сыйластығы елінен, жерінен басталатыны белгілі емес пе? Ия, өткен тарихын білетін адам, өзінің қазіргісін және болашақ өміріне де нақ қадам баса алады. Қазақстанның тарихын, ел болуын, оңайлықпен қол жеткізбегенімізді, ата-бабамыздың біз үшін жанын шүберекке түйіп, қайраттылықпен тәуелсіз елге жеткізгенін көз алдымыздан өткізсек қалай қарайсыздар?
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне де 77 жыл толып қалса да, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Мен үшін жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке деп білемін. Бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер - солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Отан қорғау жолында 1941-1945-ші жылдары ең көп қырылған Қазақ солдаттары еді. Ұлы Отан соғысына Қазақстанан 1 миллион 1965 мың адам қару асынып, майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясының тобында болды. Соғыстан тек 410 мың Қазақстандық жауынгер ғана оралды. Сонда Ислам Жеменейдің өзі «Мен үшін Отаныма адал солдат болудан артық бақыт жоқ»- деген екен. Ф.М.Достоевский өзінің бір хатында : «Өз Отанымның мүддесін қорғап, өміріңді құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ»,- деп жазған. Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес.
Біздің ата - бабамыздың жеріне деген махаббаты мен жанқиярлығы, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – қазіргі біз жастар үшін рухани байлық пен ұлтымызды сыйластыққа бағыт- бағдар беретініне нық сенімдімін. Тағы да айтудан жалықпаймын жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Соғыс арқылы ата-бабамыз, Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Білесіздер 500 - ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және солар секілді жері үшін жанын шүберекке түйген батырларымыз. Ақындарда барынша өлеңдерімен біздің ер жүрек батырларымызға да барынша қолдау, күш-жігер көрсеткен ақындарымызда бар. Солардың бірі:
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін... – деп Жамбыл Жабаев атамыз ауыр тағдыры туралы айтып кеткен еді. Осындай қолдаулардың арқасында жеңіске жетіп, 9 мамыр жеңіс күні деп белгіленіп, әлі де мерекені атап өтеміз. Мерекені ұмыту мүмкін емес деп ойлаймын, себебі ата-әжеміздің батырлығы, бұл ауыр еңбек. Жауынгер ерлігі және жеңісті еңбегімен соққан жауынгерлердің ерен ерліктері әрқашанда жүрегімізде сақталады. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы Отансүйгіштікке баулу,тәрбиелеу десемде қателеспейтін шығармын. 1945 жылы 9 мамыр ұлы жеңіспен аяқталып, 1937 жылы Қазан революциясына дейін халқымыз отарлық езгіге қарсы 400-ден астам көтеріліске шығып, наразылық көрсетті. 1986 жылы желтоқсан тәуелсіздік үшін азаттыққа шыққан қаралы жыл болды.
Негізінен адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосты емес пе? Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды, тарихта өшпес із қалатын межелі кезеңдер таяғанда қатты қобалжығаны да рас. Қаншама жастарымыз қыршынынан қиылды. Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Қайрат Рысқұлбеков секілді аға - тәтелеріміз отанын соншалық сүймегенде тәуелсіз мемлекет болар ма едік? Қазақ халқына жабылған жаланың күшін жоюға мәжбүр болғаны белгілі. Жазықсыз, қиянатпен жоғары оқу орындарынан шығарылған, сотталған сан мыңдаған қыз-жігіттер кейін ресми ақталды. Бірақ олардың жүректерінде қалған сызат дақ кете қойды ма екен? Талайы зардабын шегіп, қасіретін тартты. Қаншама өрімдей жасөспірім қанаты қайырылса да намысын жерге таптатпай, еңселерін биік ұстады. Бірақ, сырын сыртқа шығармай, шерін тарқата алмай іштен тыңды. Заман райы солай болды.
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі- ата-бабамыздың асқақ арманы. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде танылдық.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! - деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Халқымыз еркіндікті аңсап, Тәуелсіздікке зарыға жеттік.Ал, мұны дүниенің жаратылысымен тарих дөңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты баға сымен халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық. Бір жолдауында Н.Ә.Назарбаев: «Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын» деген. Міне, еліміз көркейіп келеді. 50 елдің қатарына қосылып, енді 30 елдің қатарына іліну біздің мақсатымыз. Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»,- деп халыққа жар салғанын білеміз.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Жастар- біздің болашағымыз»- деп үндегендей Қазақстанның болашағы бізбіз. Найзаның ұшымен білектің күшімен алған Тәуелсіздіктің туын биік ұстайық!