Мәңгілік біргеміз!

Мәңгілік біргеміз!
жеке
блог

Баршаңызға сәлем!

Қалдарыңыз қалай? Мінеки, күзгі демалысқа да шықтық. Сабаққа байланысты сүйікті порталыма кіруге қолым тимей кетті. Массагетті әбден сағынып қалдым. Күнде кіріп, аға-әпкелерімнің материалдарын оқып, пікір қалдырушы едім. Оған да мұрша болмай кетті. Енді қайта қауышып отырғаныма қуаныштымын!

Осы жылғы жазғы демалысым ең қызықты өтті. Өйткені, "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауы арқылы әр күнімді пайдалы әрі танымды өткіздім. Мақсат қойып, мақсатыма қол жеткізуді үйрендім. Қазақстанның түкпір-түкпірінен достар таптым. Әлі күнге дейін араласып тұрамыз. Уақыттың тығыздығына қарамастан, саған көңіл бөлетін достарыма риясыз ризамын. 

Ерекше алғысымды Қарлыға әпкеме айтамын. "Томирис" тобының білікті жетекшісі болып қоймай, әпкеміздей болып кетті. Ақыл-кеңесін аямай, бар білгенін үйретті. Бағдар беріп, қолыңыздан келгенше көмектескеніңізге алғыс жаудырамын. Сіздің мен үшін орныңыз бөлек. "Жұлдыз ФМ" радиосының "Таңғы шоу" бағдарламасында мен жайлы айтқаныңызды естіп, қуанышым қойныма сыймай қуандым. Байқауға дейін мен сіздің мақалаларыңыз арқылы сізді басқа қырыңыздан байқасам, байқаудан кейін сізді басқа бағыттан танып, туған әпкемдей жақын болып кеттіңіз.


 

Томирис тобы ең белсенді, ыңғай қыздардан құралған топ болды. Өзге топтардан ерекшелігіміз ауызбіршілігіміз еді. Топтың капитанын Гүлдәрі Құрманбек болды. Гүлдәрі сыр елі, жыр елі Қызылорданың тумасы. Қазақтың киелі домбырасын серік еткен, күміс көмей, жез таңдай қызымыз биыл 11 сынып. ҰБТ-да сәттілік тілеймін құрбым! Өзі соңғы кезде әлеуметтік желіге сирек кіретін болып кетті. Гүлеке сені сағынып кеттім. Екеуміз ән салушы едік қой...

Жайдарлы мінезді, ақкөңіл Арайдың орны ерекше. Арай Жамбыл облысы Меркі ауданында туып-өскен. Әзіл-қалжыңға көңілі құмар құрбымды сағындым. Ол да биыл 11 сынып. Саған да сәттілік тілеймін жаным. Біздің жаққа оқуға келемін деп едін. Сені күтемін! Уатцапта фотаны жаудырушы едін ғой.

Жансая тобымызға кейінірек қосылған қыз. Қателеспесем, шырайлы Шымкенттің қызы. Әзіл-қалжыңға жаны жақын, ешқашан ренжімейтін тәтті қыз. Соңғы кезде әлеуметтік желіге кірмей кетті. Сағынып қалдым.

Аспаз, пысық қызымыздың бірі - Әсем. Сарыағаштың тумасы. Түрлі тамақ әзірлеп, өнерін паш етіп көрсеткен. Әсемді де соңғы кезде жоғалтып алдым.

Тобымыздың тәтті әрі тентек қызы - Мөлдір Жұбаева. Байқаудың соңына қарай бұл қызымыздың белсенділігі төмендеп кетті. "Мөлдіржан" деп еркелетуші едім. Мөлдірді де соңғы кезде әлеуметтік желілерде көрмей жүрмін.

Менің жерлесім, Рысгүлдің мақсаттары ерекше болды. Журналист болуды мақсат еткен құрбыма ақ жол тілеймін!

Гүлнұр тобымыздағы белсенді қыз болды. Табандығы мен еңбекқорлығының арқасында ойсарлы жетістіктерге жетті. Жарайсың құрбым!

Тобымыздың қыздарынан басқа, уатцап әлеуметтік желісінде "Мәңгілік біргеміз" группасында жаз бойы тіпті әлі күнге дейін араласқан достарым бар. Қазіргі таңда белсенділіктері төмендеп кетсе де, жаздың шуақты күндері ән айтып, ойнап-күліп көңілді уақыт өткізуші едік. Қуанышымыз бен қайғымызды бөлісіп, өзіміздің прикольдарымыз бар еді...

Аят - Тараздың баласы. Сөзге шешен, ақын жігіт. Болашақта журналист болуды армандайды. Тырнақ алды туындылары газет-журналдарда басылып жүр. 10 сынып оқиды. Бұл байқаудан да 2 орын алып, өзінің біліктілігін көрсетті. Жарайсың достым! Бірақ соңғы уақытта сені жоғалтып алдым.

Сары балапаным - Ақерке. Тәп-тәтті аспаз қызым. Ақылыңа көркі сай көріктім. Өзі сондай пысық. Уақытын бөліп, уатцапқа кіріп, сөйлесіп тұрады. Жаз бойы әр ұлттың тағамын даярлап, ерекше көзге түскен. Мектепке ұзақ уақыт дайындығын әлі есімде. 1 қыркүйек мені таңертең оятқанынды ешқашан ұмытпаймын.

Дауысы ерекше, поэзияға жақын, жадырап жүретін қызымыз - Жадыра. Уатцапқа жиі кірмесен де, ән айтып, бізді таң қалдырған өнерлі қыздарымыздың бірі. Жадыра биыл 10 сынып. ҰБТ-да саған сәттілік тілеймін!

Әзілқой, футбол десе ішкен асын жерге қоятын - Зелимханды ерекше атап өткім келеді. Біз үшін Зелим болып кетті. Өзінің ерекше приколдары бар. Басында түсінбейтінмін, содан кейін үйреніп кеттім. "Мейірім-Сұлтанды" қалай әзірлегенін әлі есімде. Зелим братаным да биыл 11 сынып. Таңдау пәнімен дал болып жүрген досыма сәттілік тілеймін! 1 қыркүйек Ақерке екеуміз қанша рет хабарлассақ та сені оята алмадық.

Болашақта Алла Жазса менің әріптесім болатын Сағыныш Тасболат. Құдай бұйыртса Алматыға түсуге ниет білдіріп отыр. Ақ жол достым! Ақтаудың біздің уақыт белдеуінен бір сағат кеш екенін ұмыта беретінмін. Сен ашуланушы едін. 1 қыркүйек күні сені оятамын деп, бір сағат ерте хабарласқаныма кешірім сұраймын. Сенің ән айтқанын есімде. Есімінің де қойылу тарихын бір айтып бергенсің.

Құрметті достарым! Сендерді сағындым! Өмір торабында кездесіп, бір шыныаяқ шай ішіп, әңгіме дүкен құрсақ қой шіркін!

P.S блог жазуды әбден ұмытып қалыппын. Қателіктер болса кешірім сұраймын.