Мәңгілік арманым орындаларына сенемін !
блог
Әр адам өмірде белгілі бір жұлдызды ұнатары хақ.Мүмкін,бұл-Қайрат Нұртас,мүмкін,Баян Есентаева ,мүмкін, шетел әншілері.Мен үшін дәл осындай қадірлі де сүйкімді жандар - One direction тобы.Иә,бәлкім біреуіңіздің есіңізде шығармын... Мен мұның алдында да осы топ туралы ойыммен бөліскен едім.Қазір де,міне,одан бері жылға жуық уақыт өтсе де әлі сол топтың жанкүйерімін.Ех, жанкүйер деген осындай болар ма ?!Олармен бірге қуанып,үнемі олар жайлы жат ақпарат тараса,өзіңе айтылғандай күйініп, қандай да болмасын қайғы болса,бірге түңіреніп,оларды үнемі ойында да,жүрегіңде де сақтайсың...Кұнде оларға деген сүйіспеншілігің , құрметің артып,олардың ән кештеріне қатысқың келеді...Бірақ мұның әзірше орындалмайтынын біліп,көңілін түсіп,көзің еріксіз жасқа толады.Осылайша олардың әнін ,не олар жайлы бейнебаянды қосып алып тәтті арманға берілесің.Иә,мүмкін,бұл қазір орындалмас арман шығар,бірақ болашақта түбі орындаларын білесің.
Жақында мен үшін де, бүкіл дирекшионерлер үшін де ауыр жағдай болды.Зейн Малик топтан кетті...Сан мыңдаған адам сол жанды топ мүшелерімен бірге ән айтып тұрғанын көргісі келген еді...Осы жағдай үшін бұл өмірден 130-ға жуық дирекшионерлер өз өмірімен қоштасты. Ия,білем,бұл дұрыс емес!Мүмкін, Зейннің кеткені рас шығар ,бірақ ол тірі ғой! Сондықтан бұл үшін өмірімен қоштасудың еш қажеті жоқ деп ойлаймын...
Иә,қазір бұл блогты оқып отырған адамның көкейіне "Қайдағы жоқ топ үшін жылап,өз өмірін қиғаны несі?" деген ойлар келіп жатқаны анық.Бірақ , біз үшін бұл топ -өміріміздің бір бөлігі. Қазақстанда мен секілді жасөспірімдердің барлығының дерлік өз кумирі бар.Мен алдағы халықаралық балалар күніне балаларды өз кумирлерімен жолықтырса, баланың өмірге деген құлшынысы артып,монитор алдында ұзақ уақыт отырмай,көңілсіз күйден арылар еді деп ойлаймын. Баланың бір шат күлкісі неге тұрады десеңізші? Ия,бұған көп қаражат кетері анық. Дегенмен , бала психологиясы ақсаңдап жатқан бұл заманда бір жұлдызды әкелу арқылы мың балаға күлкі сыйлар бұл ісіміз жөн дер едім.Сіз қалай ойлайсыз ?