Мәңгі визаж немесе татуаж
жеке
блог
блог
Заманның ілгері басуының арқасында косметологияның да жетістіктері мен мүмкіндіктер көкжиегі біраз кеңейіп қалғаны рас. Табиғат сізге қарлығаштың қанатындай қиылған қас сыйға тарпады деп уайымдамасаңыз да болады, өйткені татуаж бар. Кез-келген форма, кез – келген ұзындық, қалыңдық, тіпті жасыл қас жасаймын десеңіз де – еркіңіз өзіңізде. Тап осы әдіспен қабаққа “стрелочки” жасап, еріннің де түрін өзгертуге болады. Ерін контурын қалаған түспен бояп, өзіңізге мәңгі (кемінде 5 жыл) визаж жасап алуға болады. Бұл татуаждың тек бір жақсы жағы ғана.
Минустарының тізімі бұған қарағанда біршама ұзын. Әлі де татуаж жасау ниетіңіз болса, алдымен төмендегі сөйлемдерге көз қырын салсаңыз, көзіңіз жетер:
- көп жағдайда аллергиялық реакция болады. Бояудың сапасы төмен болса, бұл процедура әдемілік сыйлаудың орнына, көптеген дертке шалдықтырып, тіпті тері қатерлі ісігіне алып барады.
- түсі дұрыс таңдалмаса, әдемі қара қастың орнына жап-жасыл қастың иесі болып қалуыңыз әбден мүмкін.
- уақыт өте келе бояу кете бастап, ала бұла боп тұрады.
- біразға дейін ісік қайтпай, бет әлпетіңіздің қалыпты жағдайын ұмытасыз
- Бір образда болу жалықтырған сәтте, бәрін сүртіп тастап, өзге бір бейне жасай алмайсыз.
- Татуажды алып тастау, жасағанға қарағанда өте қиын және өте өте қымбат!
- Және соңғысы, бұл процедура анестезиясыз жасалады (ішкі анестезияны айтам), сол себеп қатты ауырады!