Манчестер Юнайтед & Реал Мадрид: қос команда үшін де ойнаған футболшылар

Манчестер Юнайтед & Реал Мадрид: қос команда  үшін де ойнаған футболшылар
жеке
блог

2 маусым күні Олд Траффордта Манчестер Юнайтед пен Реал Мадрид командаларының ардагер ойыншылары арасында жолдастық кездесу өтіп, 2-1 есебімен испандық суперклуб жеңіске жетті. Бэрнабеудегі өткен жылғы ойын да 3-2 есебімен Мадридтіктердің пайдасына шешілген болатын.

Манчестердің жексенбілік кешінде Рууд Ван Нистелрой қос команда үшін де жасыл алаңға шығып, екінші таймда МЮ үшін гол салды. Әрине мұндай оқиға тек ресми емес ойында ғана орына алуы мүмкін. Голландиялық шабуылшыдан басқа әр кезеңде Манчестердің де, Реалдың да сапында доп теуіп, кешегі кездесуде Рууд сынды екі команда үшін де алаңға шығуы мүмкін ойыншылар бар. Енді сол ойыншыларға тоқтала кетсек.

 

Әрине бұл ретте Дэвид Бекхэмнің орыны ерекше. Еңбекқорлығы мен шеберлігі арқасында Бекхэм Юнайтедтің ғана емес, ұлттық құраманың да оң қанатынан ойып тұрып орын алды. Әсіресе Дэвидтің бұрыштама доптары, айып соққылары мен алыс пастары қарсыластар үшін өте қауіпті болды. Әйгілі Баварияға қарсы 1999 жылғы Ноу Камптағы Чемпиондар лигасының финалындағы екі гол Бэкхэмнің бұрыштан көтерген доптарынан кейін соғылғаны естеріңізде болар.

Spice Girls тобының әншісі Виктоия Адамсқа үйленгеннен кейн, Дэвид ақырындап футболдан өзге сән әлемінің де басты тұлғаларының біріне айнала бастады. Сонымен қатар Сэр Алекспен де арақатынасы нашарлай түсті. Нәтижесінде атақты «бутса» лақтырылып, Бекхэм 2003 жылы Реалдың президенті Флорентинио Перес жасақтап жатқан «галактикос» Зидан, Фигу, Рауль, Роналдо сынды жұлдыздар қатарына қосылады. Бэрнабуде өткізген 4 маусымда ағылшындық бір-ақ рет Испания чемпионы атанғанмен, Реалдың бұл трансферден көрген пайдасы ұшан теңіз.

 

Ағылшын футболының «Алтын баласы» Майкл Оуэнның карьерасы өте ерте 17 жасында басталды. 2001 жылы Майкл «Алтын доптың» да иегері атанды. Жеке марапаттарға кенде болмаған ол командасымен де үлкен жеңістерге жеткісі келді, бірақ сол кезеңде Ливерпуль Еуропаның алпауыттарымен бәсекеге қабілетті команда емес еді. Ақыры 2004 жылы Оуэн отандасы Дэвид Бекхэм мен Реал Мадридтің басқа да жұлдыздарының қатарын толықтырды. Алайда ағылшындық шабуылшының Мадридте жолы болмады. Көбіне негізгі құрамнан орын табыла бермеген шабуылшы Реал сапында бар болғаны 36 ойын өткізіп 13 доп соқты.

 

  Реалдан кейін Ньюкасл Юнайтедте қоныс тепкен шабуылшыны сэр Алэкс Олд Траффордқа шақырды. Қоржынында Премьер лиганың бас жүлдесі жоқ, жасы келіп қалған Оуэн Манчестер Юнайтед осы олқылықтың орынын толтырар соңғы мүмкіндік екенін анық білді. Негізгі құрам ойыншысы боламаса да, өзіне берілген уақытта шабуылшы команда үшін адал тер төкті. 2010 жылы Манчестер Ситиге қарсы 4-3 есебімен аяқталған супер матчтағы қосымша уақытта соққан жеңіс голы Олд Траффордтағы жанкүйерлердің бақыттан басын айналдырды. 2010/11 маусым соңында Майкл Оуэн көптен күткен жеңісі Премьер лиганың бас жүлдесіне қол жеткізді.

 

Қос футболшы да осы маусым соңында жасыл алаңмен қош айтысты. Дэвид Бекхэм ПСЖ-мен Франция чемпионы атанса, Майкл Оуэн Стоук Сити сапында соңғы ойынын өткізді.