«Манчестер Сити» «Вулверхэмптонды» ойсырата жеңді

Мамырдың 11-і нен 12-сіне қараған түні Вулверхэмптонның «Молина» стадионында өткен ағылшын Премьер лигасының 33-ші турлық ойынында «Вулверхэмптон» «Манчестер Ситиді» қабылдады. Алаң қонақтары ­– 5-1 есебімен басым түсті.

Ойынның есебі алғашқы таймда ашылды. Ойынның 7-ші минутында «қалалық» клубтың жартылай қорғаушысы Кевин де Брёйне, Бернарду Сильваның пасымен есеп ашты. Ойынның 11-ші минутында «Вулверхэмптонның» жартылай қорғаушысы Леандер Дендонкер есепті теңестіріп кетті.

Ойынның 16-шы минутында де Брёйне дубль жасады. Ойынның 24-ші минутында бельгиялық Рахим Стерлингтің пасымен хет-триг жасады. Ойынның 60-шы минутында де Брёйне осы матчтағы төртінші голын соқты. Ойынның 84-ші минутында Рахим Стерлинг нәтижелі соққысымен ойынның нүктесін қойды.

36 турдан кейін «Манчестер Сити» 89 ұпаймен ағылшын Премьер лигасында бірінші орынға жайғасып, көш бастап тұр. «Вулверхэмптон» 50 ұпаймен сегізінші орында келеді.



Бөлісу: