Мамандық таңдау неге соншалықты қиын?
блог
Оқушы кезде көп ойландыратын мәселе «Мен қандай мамандық таңдаймын? Кім болам?» деген жайлар ойды мазалайды. Әсіресе ҰБТ кезі жақындаған сайын ойша барлық мамандық иесі болып шығасың. Көбіне балалары үшін ата-аналары мамандық таңдап, өз-өзін қинап жүргендерді де көреміз. Пәленше жерде танысым бар, пәленше жерде туысым бар деп тамыр-таныс арқылы оқуға түсіретініміз де ақиқат. Ата-аналар дипломнан гөрі, балам қайда жұмыс істейді?- деп, сол бір қадамдарға барады. Сонда баланың қалауы, арманы қайда қалды? Кеңес Одағы тұсында ауылдан келген қара көз қыздарымыз бен ұлдарымыз ҚазПИ, СХИ, АЗВИ-дiң табалдырығын босатпайтын. Көпшілігі мұғалім, мал дәрігі болуды қалайтын. Мұғалім болу үлкен құрмет болған, сол бір заманда. Ал қазір керісінше жастар заңгерлер мен кеденшiлер, экономистер даярлайтын оқу орындарының есiгiн жағалап, маман атануда. Қазіргі жоғары оқу орындарын бiтiргендердің 4,3 бөлiгi заңгер, экономист, кеденшi мамандықтарын құрайды. Олардың ойынша сол кәсіп иелерінің болашағы зор. Жоққа шығаруға болмайды, ол мамандықтардың табар табысы басқаларға қарағанда көптеу. Әйтсе де қазіргі таңда нақ осы мамандықтар бойынша оқу бітіргендердің жұмыс тауып, бір жерге сіңісіп кетуі екіталай. Соның салдарынан бүгінде көптеген жастарымыз дипломдарын құшақтап, құрылыста, базарда, дүкенде сатушы, күзетші болып жұмыс жасап жүргендері анық. Әр адам өз маманының шебері болуы керек. Өйткені бүгінгі ұғым мүлде басқа. Баяғыда дипломы бар деп, жұмысқа қабылдай беретін. Ал қазір қолыңнан іс келмесе дипломның бар-жоғы бәрібір. Ал еңбек ете білсең аш қалмайсың. Сол үшін жастарға «заманауи» емес, өзінің жаны сүйетін мамандықты таңдағаны дұрыс.
Бүгінде сұранысқа ие мамандықтардың қатарына мыналар жатады:
Ø Сауда жөніндегі мамандар
Ø Бағдарлама жасаушылар
Ø Ғаламторда жұмыс жасайтын мамандар
Ø Бухалтерлер
Ø Аудиторлар
Ø Телекоммуникация инженерлері
Ø Маркетологтар
Ø Жарнама саласындағы мамандар
Ø Талдаушылар
Ø Сәулетшілер
Ø Құрылысшылар
Сұранысы төмен мамандықтар қатарына жататындар:
Ø Массаж жасаушылар
Ø Косметологтар
Ø Визажисттер
Ø Сақтандыру агенттері
Ø Сарапшы-бағалаушылар
Ø Бизнес мәселесіне қатысты кеңесшілер
Ø Бұрғылаушылар