Қазіргі таңда адам өміріндегі ең өзекті, маңыздылығы жоғары дүниелердің бірі мамандық таңдау ісі болып келеді. Мамандық таңдау тек қазіргі кезде ғана емес бұрындары да қоғамдағы аса басым мәселелердің бірі болғанымен ол кездерде өз мамандығын таңдаушы жасөспірімге еркіндік беріле қоймаушы еді, себебі олар ата-анасы түсірген оқу бойынша үкімет қайда жібереді сонда барып қызметтерін атқаратын. Ал қазір ше? Қазір барлығы бөлек. Әркімнің арманы мен таңдауы бар заманда үкіметтің біреудің баласына сен анда барасын, ал сен мұнда барасын деп айтуға хақысы жоқ, олай жасайтындай бос жұмыс орындары да артылып жатқаны шамалы. Айтайын дегенім бұл емес негізі. Бұны тек жазғандарыма тұздық болу үшін сөзге кірістірдім, өйткені өткенге үнілмей қазіргіні дұрыс жеткізу мен үшін мүмкін емес. Сонымен көп созбай шығармамда жауап ізделетін сұрақтарды айта кетсем, ол: Мамандық таңдаудағы баланың еркі. Ата-ананың бұл тұста қосатын үлесі және жалпы мамандық таңдауды қай жастан бастау керек. 9жылдық біліммен мектепті тәмамдап үлкен өмірге ертерек қадам басқан дұрыс па, алде 11жыл толық білім алып бірден жоғарғы оқу орнына түскен абзал ма? Ал енді көптің көкейінде жүрген осы сауалдарға кезек кезегімен жауап бере кетсем, әрине субъективті түрде.
- Мамандық таңдаудағы баланың еркі. Ата-ананың бұл тұста қосатын үлесі және жалпы мамандық таңдауды қай жастан бастау керек.
Адам өміріне қазық болар бір ауыз сөз бар еді ғой «Өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспе. Біріншісі - жар таңдауда, екіншісі – мамандық таңдауда» дейтін. Үлкендердің көрген білгендері ешқашан қате болмаған және бұл сөздің де дұрыстығы 100пайыз. Өйткені бұлардың біреуі сенің өмір бойғы сүйенішін болса, енді біреуі сенің өмір бойғы азығын. Бұл екеуінің өзі – өмір.
Мамандық таңдау мәселесі баланы да, ата-анасын да ерте жастан мазалауы керек менің ойымша. «Ой әлі ерте ғой» деп қазақшылыққа салып жүргенде уақыт аққан судай өте шығады. Сондықтан да бұл іспен ата анасы бала қарақұлаұтанып, тәй-тәй басып аяғынан тұра бастаған сәттен бел шеше айналысқандары дұрыс. Баланың қандай іске иекемі бар екені, нені жақсы көретіні сол шақтардан бастап анықтала бастайды, ал ата-ананың міңдеті ешқандай шектеу жасамай сол істерге ерік беру. Мейлі ол бала бүкіл қағазды жыртып, шимайлып сурет салса да, ас үйге кіріп алып өзі бір нәрсені шақпақтатып тамақ жасаса да, немесе күні кешке дейін не айтқанын өзі де ұқпай былдырлап өлең айтса да, себебі бәлкім сіздің баланыз болашақта Әбілхан Қастеевтей атақты суретші немесе Шәмші Қалдаяқовтай мың жылда бір туатын шоқтығы биік музыкант болар. Кейіннен бала біраз есейіп балабақша, мектеп табалдырықтарын аттаған кезде бұл міңдет ата-анамен қоса ұстаздарға да жүктеле бастайды. Баланың ңағыз көпшілікпен араласып, өз қабілетін шыңдай бастайтын шақтары. Бұндайда ұстаздар да «жоқ-жоқ» деп шеттете бермей, керісінше одан әрі баланың дарынына жол ашқандары жөн. «Боламын деген баланың бетінен қақпа, белін бу» демекші егер бұндайда барлығы атсалыса әр жеткіншектің жұлдызын жағу үшін жанталасса маманыдық таңдау кезіндегі келіспеушіліктердің де саны азайған болар еді.
Ал енді бала деп отырғанымыз оң мен солын, ағы мен қарасын, жақсы мен жаманың ажырата алатындай жасқа – жасөспірімдікке жетті делік. «Балам есейді-ау» деп қуана бергенде өтпелі кезеннің өткінші қиындықтары да келіп жетеді. Бала міңезінің ауа-райындай құбылар шағында оған сіздердің (ата-анасының) қолдауларыңыз, әр ісіне түсіністікпен қарауларыңыз ауадай қажет. Себебі, балаңыз дәл осы кезеңде бұған дейін қызық болып келгендернен бас тартуы , ал жаман деп жүрген дүниелеріне керісінше әуес болып кетуі әбден мүмкін. Егер сіз бұған баса назар аудармасаңыз онда балаңыздың ішкі жан-дүниесінен мүлдем бейхабар кеттім дей беріңіз. Сіз әлі де математиканы жақсы көреді деп жүрген кішкентайыңыз енді бұған мүлдем қатысы жоқ сала музыкаға қызығады немесе актер болғысы келеді. Міне осы тұста басталады нағыз мәселе. Сіз одан не ұнайды деп сұрамайсыз, ал ол айтпайды. Ақыры менменшілікке, өзімбілемдікке салып сіз күнде оның құлағына қақылдап «математиканы таңдайсын, экономист боласын» деп айта бересіз. Туыстарыңыздың, достарыңыздың үйінде қонақта отырғанда да осы сөздерді мақтанышпен айта жар саласыз, ал сол сәтте бір бұрышта еш шарасыз, тек мұңлы жүзімен бір нәрсені аңғартқысы келердей болып отырған баланызға көз тастадыңыз ба? Жоқ.
Ақыры оның мектеп бітірер шағы таяйды. ҰБТ-ға деген қызу дайындық басталады. Балаңыздың басында тек екі ой болады: не сіздер таңдап берген мамандықта қайтсе де оқу, «үш күннен соң көрге де үйренесін» демекші «бәріне төзіп кетемін» деген немесе «қайтсем де өзімнің қалағаныма түсемін, арманыма қайтсем де қол жеткіземін» деген ойлар, мысалы Өнер Академиясына. Екіншісіне балаңыздың рухы жетпесе ол құр арман болып қала береді. Ол ҰБТ тапсырып, оқуға түскенге дейін өз мамандығымда оқимын деп көздейді, алайда Өнер Академиясына барып «Мен әнші болғым келеді, бірақ математикадан дайындалып келіп едім» дейді ме? Сол себепті жақсылап ойланайық, құрметті Ата-ана!
- 9 жылдық біліммен мектепті тәмамдап үлкен өмірге ертерек қадам басқан дұрыс па, алде 11жыл жолық білім алып бірден жоғарғы оқу орнына түскен абзал ма?
Мен өзімнің өмірлік тәжірибем бойыншағана жауап берейін. Әрине менің пікіріммен келіспей қалуларыңыз орынды, себебі әр адамның ойлауы әртүрлі.
Мен өзім 9-шы сыныптан кейін колледжге баруға ұйғардым. 11ге дейін оқып «Алтын белгімді» ақтап шығуыма да болар еді, алайда бәлкім ҰБТ-ның, балалардың оқуға түсуінің осыншалық шимай-шатпаққа айналарын сезген болармын. Ал бір жағынан бұндай шешім қабылдау ауылда өскен маған өте-өте қиың болды. Ұзақ ойланып, сабақ басталуына аз ғана уақыттар қалды дегенде колледжге барып құжатарымды тапсырдым да келесі күні емтиханнан жоғары балл жинадым. Алайда түскен мамандығым заңгер болғандықтан грантқа ие бола алмадым. Әкем заңгер болғанымды қалағанмен 9-дан кейін, бар жоғы 15жасымда үлкен қалаға жалғыз өзімді аттандырып жіберуге қарсы болған, бірақ ақыры барлығы шешіліп қойғаннан соң қанша қиың болса да осы бір тоқтамға келді. «Ой бұл неткен жүрекжұтқан қыз» деп отырған боларсыздар, алайда олай емес. Өзге жасөспірімдердей менің де мамандығымды ата-анам таңдап берген. Мен тек ерте барлығына үйренісейін деген оймен ғана заңгерді оқимын деп шешкенмін. Бірінші жылы көп айырмашылықтар сезілмеп еді, бірақ биыл міне екінші жылда мамандық бойынша оқытулар басталғандықтан барлығы қатты күделеніп кетті. Ал мен бұрыннан жазуға, оқуға кұмар болғандықтан жаныма журналистика жақын екенін ұқтым. Алайда, оқып жүрген мамандығым бойынша үйіліп берілетін тапсырмалар сүйікті ісіммен айналысуға мүлдем мүмкіндік бермей кететін кездер де болды. Ақыры былай көп жүре алмасымды біліп барлығын ата-анама айтуға бекіндім. «Осы оқуды бітірген соң Алматыға кетемін, ҚАЗҰУ-ға Жуналистика мамандығына түсемін» деген ойыма олар басында келіскендей болған, бірақ менің шынымен де барлығына тым сабырлы қарай бастағанымды көрген соң бұған толыққанды қарсы екендіктерін ашық айтты. Мені тегі басында қалжындап жүр деп ойлады-ау. «Журналистика сенің не тенін? Біздің әулетте ондай өнерде жүргендер жоқ. Көшеде қаңғырып жүресін материал жинап, денсаулығын келмейді. Жалақылары аз» деп менің мысымды басуға тырысты. Алайда мен өз шешімімді қабылдап қойдым. Менің ата-анам сияқты сіздер де өз балаларыңызға осылай айтқан боларсыздар, бәлкім олардың сіздердің жолдарыңызды жалғастырғандарын қалайтын шығарсыздар. Бірақ естерінізде болсын сол салада оқитын да, кейін жұмыс жасайтын да, қиналатын да сіздер емес, балаларыңыз. А, иа айтпақшы 9-шы сыныптан кейін кетуді қолдайтынымның басты себебі осы. Егер, мен 11-ден кейін заңгерді таңдап сол мамандықта оқып, кейін ойланып журналистиканы таңдасам оны оқу үшін кеш болып қалған болар еді(өзім үшін кеш болар еді). Ал колледжден кейін өзім қалаған мамандығымда оқысам еш кештігі болмайды, керісінше бұл мамандықта оқуыма үлкен жеңілдік болады, себебі «Оқығым келмейді, сабақ қиыңдап кетті» деп қынжылған сәттерімде өзім қаламайтын мамандықта оқып жүрген кездерім еске түсіп шүкіршілік ететін боламын. 9-дан кейін кетуді әсіресе ауылдық жерде оқитындарға ұсынар едім. «Ата-анамнан жырақ кетуге тым кішкентаймын» деуді мен тек сылтау деп қабылдаған болар едім, себебі ерте болсын кеш болсын келетін жерлеріңіз - Қала. Қайта ересек өмірге ертерек қадам басып, барлық қиыңдықтарды жастайыныздан көріп үйренсеңіз сізге болашақта Жоғарғы оқу орнына түскен кезде біраз жеңіл болар еді.
Сонымен түйін: Құрметті ата-аналар қанша жерден балаларыңыздың атынан шешім қабылдап үйреніп қалсаңыздар да мамандық таңдау кезінде бір сәт тізгінді жеткіншектерінізге берсеңіздер. Тым болмаса өз ойларын ашық білдіре алса екен, сана-сезімдері тұтқындалмаса екен. Балама көмек көрсетемін деген ақжүрек ойларыңызды тежеу әрине қиың, алайда артық қыламын деп тыртық қылып алмағандарыңыз абзал.
Жасөспірімдер, менің құрдастарым, биыл мектеп тәмамдап үлкен өмірге қадам басушылар, шешім қабылдауда, өз ойларыңызды айтарда қорқыныштарыңызды жоя білгейсіздер. Себебі, бұл өмір сендердікі. Мысалы, біздің елдің басшысы – Президент, онсыз елде ешбір жұмыстың атқарылуына рұқсат жоқ, сол сияқты сендер де өз өмірлеріннің Президентісіндер, ондағы барлық шешім тікелей сендердің қалауларынмен қабылдануға тиіс. Бұлай айтқаным ата-аналарынның тілін мүлем алмаңдар дегенім емес, тек Заманың түлкі болса, тазы боп шалар заманда өз ойын барлық адамға ашық айта алатын тұлға болып қалыптасуды қазірден бастау аса маңызды. Егер осы жазғанымнан бір түйін тапсандар қазірден іске кіріскендерін жөн. Өздерін қалайтын мамандыққа жұмыс жоқ екен, жалақысы аз екен деген сияқты проблемалар сендердікі емес, сендердікі тек сабақты жақсы оқу және сол мамандыққа деген сенімдерін мен сүйіспеншіліктерінді жоғалтпау, себебі біздің қоғамға дәл сендердей өз мамандығын жақсы көретін жастар ауадай қажет.
Тағы бір қосарым елімізде «осы бір салада білікті мамандар аз» дегенді көп естиміз, менінше бұндай салдарлар білімі жоғары жастардың емес қызығушылықтары жоғары жастардың жетіспеуінен туындайтын сияқты.