Ел арасында "Жар таңдаудан,мамандық таңдаудан қателеспе"дейтін жиі айтылатын жаттанды сөз бар. Осы əңгіме қанша рет айтылса да оны іс жүзінде жүзеге асыратындар некен саяқ. Егер адамдар жар таңдаудан қателеспесе қоғамда ажырасу азайып отбасының шырқы бұзылмас еді. Егер мамандық таңдаудан қателеспесе дəл қазіргідей маман тапшылығы болмас па еді?!
Қазақ əдебиетінің тарданы Жүсіпбек Аймауытов "мамандықтың жаманы жоқ бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет бұл жай күнелту тамақ асыраудың ғана жолы емес үлкен өнерді зор шеберлікті қажет ететін іс болып табылады. Білдей жоғары оқу орнын тəмамдап қолына дипломын алып болған соң оның пайдасын көрмей ақыры апамның баяғы сары сандығының ішіне сүңгиді.
Адамның бір қызығы бала деген
Баланы оқытуды жек көрмедім
Баламды медресеге біл деп бердім
Қызмет қылсын шен алсын деп бермедім деп Хакім Абай заманында осылай жазып қалдырған. Бірақ бүгінгі қазақтың ұстанымы бұрынғы қазақтың ұстанымынан тым алшақ жатыр. Біздің жқрт жөргектен шыққан баласына жер көктен таныс іздеп қалаға аттандырады. Ата анасы тапқан таянғанын ұл қызына ұсынады. Бұл заңдылық. Арман қуып кеткен жастардың табақтай дипломын алған соң лайықты қызметке орналаса алмауы жанға батады. "Тамағы тоқтық жұмысы жоқтық аздырар адам баласын" деп Абайдың айтқаны бар.
Қазіргі таңда дəнекерлеуші,слесар,электрик секілді қажетті мамандықтарға сұраныс жоғары. Біздің қоғам қырын қарағанымен таудай табыс əкелетін кәсіптік мамандықтар. Осындай мамандықтарға жастардың барғысы келмейтіні,ата анасының оған жібергісі келмейтіні. Себебі біздің қоғамда шекшейіп кабинетте отырмаған қызметтің бəрін төменгі сатыға сырып тастайтын даңғойлық бар. Неге "аспаз" болмайсын десен "ақылың кем бе"дегендей қарайды. Мысалы америкалық Горден Ремзи қарапайым аспаз болып ісін бастаған азамат. Қазіргі күні 22 мейрамханасы бар. Оның қолынан шыққан тамақтың бағасы сіздің түсіңізге де кірмейді. Кәсіптік мамандықтардың айлығы жақсы бірақ маман аз. Қара жұмысқа балайды.Өйткені алманың піскенін ауызға түскенін қалайды. Онымен қоса колледждің білімін түкке жарамсыз деген түсінік санаға сіңіп қалған.
Қолынан келмесе де білесің ғой
Қоныштан басқыштардың көбін қазір
Мені қажап қайтейін онсыздағы
Біреулер біреулердің жолында жүр
Трактордың рөлін ұстайтындар
Кинолардың ойнап рөлін қазір
Өнердің де тізгінін мансаптың да
Ақшасы бар адамның қолында жүр
Шəмші кім деп сұрасаң білмейтіндер
Əншімін деп сал-сері тобында жүр
Қойда жая алмайтын кей мырқымбай
Қайраткер боп қампайтты тонын қазір
Əтештер бұлбұлдардың бағында жүр
Бұлбұлдар жемі бардың соңында жүр.