Мамандығым-мақтанышым

Менің өміріме өзгеріс алып келген сәт Қазақ Ұлттық Университетіне түсуім болып еді. Себебі, бұл оқиға жаңа өмірімнің бетін қызықты сәттермен толтыра бастауға септігін тигізді. Менің ойымша, университет дегеніміз үлкен өмірдің тәттілігі мен ащы тұстарын көрсетіп, жауапкершілік секілді қасиеттермен адамның бойын дарытып, белгілі бір өмірлік жолдың таңдауына септігін тигізетін жер деп ойлаймын.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті “QS Ranking” санағымен әлем бойынша ең үздік ЖОО-ның ішінен 165-інші орынға шығып, СНГ елдерінің ішінде алғашқы әрі ең бірінші үздік жоғарғы оқу орны болып саналады. Біздің университетте бакалавриат деңгейінің өзінде 25000 студенттен асады, әрқайсысы өзімен ерекше, өзімен дарынды. Студенттер ғылыммен зерделеп, білімін тәрбие жағынан да дамытуға көп іс-шаралар жасайды, жобалар ұйымдастырады. Бізде көптеген әртүрлі мақсатта студенттік ұйымдар жұмыс істейді, студенттер қалаған уақытында, өзінің жолын таңдауын шешкенде құрамына қосылып бірге қызықты, пайдалы жобалар жасауға атсалыса алады.

Әр ұйым өзінің мақсатымен, көзқарастарымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Саналы Ұрпақ» Академиялық Студенттік Кеңесі, «Көмек» Қоғамдық Қоры, «Сұңқар» магистранттар мен кәсіподақтар одағы, жатақхана ісіне жауапты «Студенттік Кеңес», БҰҰ-ның шағын филиалы, студенттердің ғылыми зерттеме одағы «НСО», дебат клубы «Алтын Сапа», бизнес және маркетинг, заманауи халық дамуына бірнеше жобалармен айналысатын «Энактус» және де т.б көп ұйым түрлері бар. Өздеріңіз байқағандай, студенттердің өздерін жан-жақты дамуына көмектесетін, ықпал ету үшін барлық мүмкіндік жасалған.  Ерекше әсерін тигізген нәрсе ол университетінің жұмыстарымен белсенді араласу және әрдайым қызықты жаңалықтардың хабарында жүру болып табылады. Белсенді студент болғаннан көптеген пайда келеді, яғни студент көптеген қырынан өзін көрсетіп, әрі қарай дамыта алады.

Әл-Фараби атамыздың бүкіл дарыны, оның жан-жақтылығы және көптеген сферадан хабар болып, биікке ұмтылу және ешқашан жолдан таймау қабілеттері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттерінің бойына дарығанына сенімдімін. Себебі, жиырма мыңнан аса студенттерінің әрқайсысының ерекшелігі және керемет дарыны бар. Әр студент Дешті Қыпшақ жерінің, қазақ жазығының, дамуына үлес қоса алатындай деңгейге осы университетте ойлы түрде дайындалады. Бір шаңырақ астына жиналған әртүрлі ұлттардың және еліміздің студенттерінде бір мақсат, бірақ әртүрлі көзқарас және өзіне тән ерекшелік.



Бөлісу: