Мамамның таяғы

Үйдегілерге еркелегендей қылып ешкімге еркелемейтін шығармыз. Ностальгияға берілейік сәл. 

Сіз де мамаңыз сәл дауыс көтерсе, "өлем, өлем" деп есіктен атылып, далаға қарай шабатын ба едіңіз? ))) 

Расымен бала кезімізде мамамыздан не папамыздан таяқ жесек, қорланып, зар жылап, кәдімгідей өмірден таяқ жегендей өкіріп жер тепкілеуші ек... Ех, дәурен! Өмірдің таяғына қарағанда, мамамыз бен папамыздың таяғы не тәйірі?! 

Маманың оқтауы біздің тәрбиешіміз болды. Әпкем екеумізді қатты кеткен кездерімізде оқтаумен шықпыртушы еді. Оқтау жаққа жалтақ-жалтақ қарап қоямыз кейде. Тәртіпсіздік жасағанда, мама орнынан қозғалса да, оқтау орнынан қозғалмаса екен дейтінбіз )))

Арайгүл деген көрші қызды мамасы қуып жүріп қалың скакалкамен ұратын. )))

Иә, кейде адам боп кетіп жатсақ, сол таяқтың үлесі ма деп қалам... 

Ауылда өскендер біледі. Сенбі сайын клубта би кеші, концерт болатын. Сондай кезде мамамыз жібермей қалса, одан жаман адам жоқ қой шіркін-ай... ))) 

Бір күні мама концертке жібермей тастады деп, залға кіріп алып, бұлқан-талқан боп ашуланып, бүк түсіп жатып қалдым. Мама бір кезде кешкі асқа шақырды. 

-Ішпейм!

Тамақты мама үшін ішетіндей, өзімше болып ерекше ызамен айттым. 

Бірер минуттан кейін тағы да мамамның дауысы естілді:

-Микалек, әй, Микалек, келе ғой тамаққа.

-Ішпейм дедім ғой! 

Дауысым булығып шықты. Өзім жылап жатырмын егіліп ))) Мені аясын деп... ))

Қазір ойлаймын, ех шіркін... Ол да бір дәурен...

Аяулы аппақ анашым менің... 

Сіз де қысылмай балалығыңыздан сыр шерте отырыңыз ))) Еске түсіріп, бір күліп алайық ))



Бөлісу: