Бала кезде мамамның жас кезіндегі суреттерге қарап, өскенде мен де солай киінем деп ойлаушы едім. Өстім, сән ауысып жатыр, ауысып жатыр. 30-40 жылдар келді, бел тұсы түсінкі, бахрома мен жылтырдың заманы, 50-60 жылдар, геометриялық өрнекті көйлектер, платформа, жіңішке белдіктер мен "А-ля Мэрилин Монро" стрелкалар. Уф, ах деп осы жазда 70-жылдардың сәні келеді. Әдемі принтті, ашық,қанық түсті жібек пен атлас, жұқа трикотаж, шифон заманы. Алақай, қыздар! Герлиш стайл сәнді. Әдемілік пен нәзіктіктің уақыты келді. Өткен жылы мен осы жылдың көктемінде киген пиджактар мен "морская тематика"ны бір ысырып, романтик образдарға ене беріңіздер.