Мамаммен сұхбат ...
блог
Үйден алшақтап Алматыда жүргеніме мәне төрт жылдың жүзі болды. 1-2 курста сабактан демалыс уақытында үйге барып, ата-анамды , інімді көріп тұратынмын. 3 курстан бастап жұмыс істеген соң, үйее қайтуым сиреп кетті. Сағынасың ... Бірақ амал жоқ, жұмыстан босай алмайсың. Қазір технология қарқынды дамыған заман ғой. Сондықтан сағынған кездерде үйге ұялы телефон арқылы хабарласып, ата-ананды көрмесенде көргендей болып, сағынышыңды бір басып аласың. Мен мына блокта анаммен соңғы телефонмен қалай сөйлескенімді жазсам деген едім ... Егер қарсы болмасаңыздар.
Телефонымды қалтамнан алып, контакттағы тізімнен «Мамам менін» дегенді теріп, қоңырау шалдым. Екі гудоктан соң 2-сыныпта оқитын інім алды.
- Аға, қалайсыз? Мен Шоханмын ғой. Мамам сыртқа шығып кеткен еді, қазір кіреді.
- ООО, Шохан мен жақсымын ! Сен қалайсың?
- Жақсымын. Ойнааааап, телевизордан мультик көріп отырмын. Сіз не істеп жатырсыз?
- Мен жатақханадамын. Жұмыстан келдім. Енді дем алып отырмын. Сабақтарын қалай?
- Жақсы. Бүгін ИЗО-дан 5 алдым. (інім орыс тілінде оқиды).
- Дұрыс болған екен. Саған қандай сабақ ұнайды Шохан?
- Маған ИЗО ұнайды. Сурет саламыз, бояймыз.
- Ал қандай сабақ ұнамайды?
- Орыс тілі мен ағылшын тілі. Жаттағулар көп береді. Аға, қашан келесіз үйге? Маған Трансформеридің жаңасын алып берінізші (Жаңа жылда осындай ойыншық алып берген едім).
- Қашан баратынмыды білмеймін. Бірақ, ойыншықты келер аптада беріп жіберемін. Жарайма?
- Жарайды. Мамам келді.
- Мамаға берші телефонды.
- Алло
- Алло, мама қалайсыз?
- Жақсымын.
- Сен қалайсың?
- Жаман емес. Кеше шамалы суықтап қалған едім, бүгін тәуір болдым.
- Дәрі ішіп жатырсын ба?
- Ия, ішіп жатырмын. Укол қабылдадым.
- Өз-өзіне қарап жүр. Қалың киін. Маған ұқсап кеткенсің ғой (Шынында мен мамамның баласымын). Көкеңе ұқсасаң мұндай суықта оңайлықпен ауырып қалмайтын едім. Енді не істеп жатырсың?
- Қазір жатақханадамын. Дем алып жатырмын. Айтпақшы мама, бізде оқу практикасы басталды ғой. Мектепке барып, сабақ өтіп жатырмыз.
- Дұрыс болған екен. Қалай мұғалім болған қиын ба екен? (Мамам мұғалім ғой өзі). Сабақтарына дайындалып бар. Бізді ұятқа қалдырып жүрме. Көп оқы. Сонда қиналмайсың.
- Мұғалім болған оңай емес екен. Күнде жоспар. Одан қалса, сабақ үстінде оқушылар ойда жоқ сұрақтарды қояды, қиналып қаласың. Бірақ үйренетін шығармын.
- Ия. Жұмыстарың қалай?
- Жаман емес. Ептеп істеп жатырмыз.
- Дипломдық жұмысыңды бастадың ба?
- Ия. Бастадым. Бірақ, әлі біраз жазу керек.
- Дипломыңды жақсылап жазып, қорғап ал. Болашақта керек болады.
- Ия, мама. Басқа не жаңалық?
- Айтарлықтай жаңалық жоқ. Шохан екеуміз үйде отырмыз. Көкең жұмыста. Меруерт (Үлкен апкем )әпкеңмен хабарласқанмын жаңа.
- Ия, жағдайлары қалай екен? Не істеп жатыр екен?
- Жағдайлары жақсы. Анель 3 айлық болды. Рамазан өсіп жатыр екен. Бұзық, мамасына тартқан шығар. Жездең жұмыстарымен жүр.Машинасы бұзылып қалыпты, соны жөндетуге кетті деген.
- МММ, дурыс екен. Көкем (Әкем) шаршамай жүр ме?
- Ия. Сендерді сағынып жүр ғой. Қашан келесіңдер? Жаңа жылда да келмедіңдер ғой. Бір реті келсе, келіп кетсеңдерші Ақмарал (Кіші әпкем) екеуін.
- Бұйыртса, Наурызда барамыз мама. Қазір сабақ, жұмыс деп қол босамай кетті ғой.
- Уақыт тауып Наурызда келіңдер.
- Жарайды.
- Басқа не жаңалық?
- Тыныш мама. Сіздерде ше?
- Бізде де тыныш.
- МММ. Жақсы онда мама. Ертең хабарласамын.
- Жарайды жақсы. Байқап, өз-өзіңне қарап жүр.
Тұтқаны қойдым. Сағынышды шамалы болса да басқандай болдым. Жоқ әлі сағынып отырмын. Наурыз келсін! Міндетті түрде үйге барып, мамаммен, көкеммен, Меруерт әпкемен, Шоханмен көрісіп, Сағынышмды жақсылап басып келемін. Алтын ғой менің мамам ...