Мамам мені өлтіретін шығар...
блог
Қазақстанда көбі адамгершілік пен бетімен кетушілікті қолдайдын Батыс елдерін кінәраттайды, алайда біздің елімізде барлық жасалатын жасанды түсіктің 3 пайызы жасөспірім қыздарына тиесілі. Статистика бойынша орта есеппен алғанда жас жігіттер мен қыздар 14 жасынан бастап жынысты белсенді бола бстайды, кейбірі 18 жасқа толмай неке қия бастайды. Сондықтан мүмкін бүкіл әлемді қинамас бұрын өзіміздің еліміздің міселелерін талқылаған жөн болар.
Қазақстанда жыл сайын 20 мың жасөспірім қыздар жүкті болып қалады, көбінде олар 15-19 жас аралығындағы жас қыздар. Сол қыздардың жартысы жүктіліктерін жасанды түсікпен аяқтайды.
Анас Мұстафаның “Мамам мені өлтіретін шығар” суретінен жүкті болып қалған қыздардың өздерінің жүктіліктері туралы білген кезінде пайда болатын ойларын суреттеп тұр. Көбінесе жас қыздар жүкті болып қалғанынан кейін айыпталып қалуынан қорқады. Егер оның айналасындағы адамдар осыны біліп қоятын болса, қызды “бұзылған, азғындаған, өнегесіз, тәрбиесіз” деп артынан сөз сөйлеуі мүмкін. Тіпті жүкті болып қалған жас қыздың туыс-туысқандары, ата-аналары қас жауына айналуы мүмкін, себебі бізде мұндай менталитет қалыптасып қалған. Көптеген жағдайларда, ерте жүкті болып қалған қызды айыптап, одан алшақтайды. Сондықтан, осындай қыздардың көбі оздерінің жақындарынан жасырып жасанды түсік жасауға шешім қабылдайды, және де бұл сол қыздарға келешекте қатты зиян келтіруі мүмкін, олар тіпті келешекте бала көтере алу қабілетінен айырылу мәселесіне дұшар болу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кейбір қыздар балаларын дүниеге әкеліп, тастап кетеді. Мысал ретінде айтып кететін болсақ, Алматыда қараусыз қалған балалардың аналарының 29 пайызы 18 жасқа дейінгі қыздар. Тіпті теледидардан жаңалықтардан қоқыс жәшіктерінен жаңа туылған нәрестелерінің табылып жатқандары туралы көріп жататын кездер бар. Бұл деген тіптен сұмдық!!!
Менің ойымша осындай жағдайдың біздін елімізде туындауының басты себебі қыздың жүкті болып қалуының жауапкершілігінің тек қана қызға артылуы. Неліктен егер қыз ерте жасынан жүкті болып қалса, халық қызды артынан әшкерелейді? Ер баланың осыған ешқандай қатысы болмағаны ма? Жыныстық қатынасқа қатысқан әр адам болатын салдарға жауапты болуы керек. Көбінесе жасөспірімдер осы мәселенi өзара талқыламаса да, дегенмен, ерлер де әйелдер де тең дәрежеде жауапты.
Мүмкін ата-аналарының да осыған қатысы болған шығар, ата-аналары өздерінің қыздарының осындай жағдайға дұшар болуын қаламаса, олар осы мәселелер бойынша олардың балаларының сауаттылығын жетілдіру үшін жұмыс істеу керек. Егер қыз жақындарының қамқоршылығынсыз жастайынан дүниеге бала алып келсе, оның жоғары білім алуы осымен аяқталады. Бүкіл оның армандары жайында қалып, кішкене баламен қолында қалады. Осы жағдайда оның отбасысы қамқор болса, ешқандай мәселе туындамаушы еді, алайда көп жағжайларда бұл жүзеге асырылмайды, сондықтан да біздің елімізде қараусыз қалған балалар мен балалар үйлері өте көп.