Көзімдегі шаттығымды жиі ұрлай,
Бiзге бақыт кете ме екен бұйырмай?
Мейiрiмге зарықтырған көңiлдi-
Қайыры жоқ дүние-ай!
Басар жолым ауыр болды неге тым?!
Жаным қайда жақсылыққа сенетiн.
...Жақынымның бәрі кетті бәрібір,
Сияқтанып тұрады ылғи келетiн...
Жыл артынан айлар ығып барады,
Жүрегімнің құрғамады жанары.
...Бүгін тағы күйіп жатыр маңдайым,
Бір құшақтап кетші,мама,балаңды?!
Әлдекімнен күтемін деп жылылық,
Алақанын жайған көңіл - мұңылық.
Есейсем де әлі күнге отырам,
Өлі түннің бауырына тығылып...