...Мама...

...Мама...
жеке
блог

   Мама, сені күн өткен сайын сағынуды шығардым. Еш себепсіз. Мүмкін сен бар болсаң мен мұндай болмас па едім?! Ерте есейіп, балалықпен тым ерте қоштаспас едім...

   Мама, сен менің ақ бұлттан жасап алған ақ арманымсың ғой. Білесің бе?.. Әр қиялым сен жайлы. Қиял болғасын ба, сен мына пенделердей емес, тап-таза періштесің мен үшін. Тал бойында бір міні жоқ адамсың...

   Мама, Алладан тым болмаса естеліктер сұрап жылайтын едім бір кездері. Өсе келе естеліктердің болмағанына, санамда қалмағанына қуанатын болдым. Естеліктер тәтті болғанымен, у-дай ащы ғой біле білгенге...

   Мама, сен жайлы сұрап, тілдескім келеді. Бірақ... Мүмкін емес... Әттең... Жоқ, ол үшін ешкімді де кінәламаймын. Бұл – өмір. Бұл – тағдыр. Мүмкін сен жайында ештеңе білмеуім дұрыс та шығар.Жақсы көретін жан жайлы әңгіме айтудың өзі қиын ғой, егер ол жан жаныңнан жырақта болса.