Мам, мама деймін! Қызыңды тыңдашы. Қызың бірдеңе айтқысы келеді.
Мектеп кезінде сізге кішігірім өлең шығарып құттықтаушы ем ғой. Есіңізде ме? "Ана деген асқақ ат" деп қойып))) Сен соны ұйып тыңдаушы ең ғой. Менің өлеңге сыймайтын бала махаббатым сенің жүрегіңе барып қонақтап алды сол күні тағы. Әжем мен әкем "Мамасына шығарады, бізге өлең шығырмайды бұл" деп маған өкпелеп те алатын.
Мама, мен сізге "Мені неге жек көресіңдер осы?" деп ашуланушы ем ғой. Ой, ақымақ басым-ай. Енді білдім, мені сіздерден артық жақсы көретін адам жоқ екен ғой. Соны білу үшін Алматыға кетуім керек болған-ау, сірә...
Мам, кешірші! Кеше түнде есімде болған. Бүгін таң атысымен ми ашып, біраз жүріп қалыппын. Жұмысқа келгенде ғана (әріптесіме тілек жазып жатқанда) ғана бүгінгі дата есіме түсті. 27 желтоқсан... "Ужысс, бүгін менің мамамның туған күні ғой". Дереу телефоныма жабыстым. Жоқ, құрғыр, бірлік те таусылып қалған. Осындайда "Қайсар аға!" деймін. Қайсар ағамның телефонын алып зыбандадым:
- Ұмытып кеттің бе?
- Жоқ, мам, ұмытпадым. Анау... не ғо... (ойпырмай, не десем екен)
- Мен сені әлі ұйықтап жатыр екен деп ойладым.
Әне! Ол мені "Ұйықтап жатыр ғой. Сосын тұрғасын зыбандайды ғой" деп ойлапты. Тап-таза көңіліңнен! Реніш жоқ қой бір грамм! Кешірші, мам!
Бұрындары да осылай ұмытып қала беруші ем ғой. Сен таңертең сабаққа тұрғызып, тамағымызды беріп, шығарып саласың. Келбетің күндегіден жайдары. Ішімнен "Мамам бүгін әдемі боп кеткен бе, қалай?" деп қоям. Сабаққа барғасын тақтаға қарасам,"Желтоқсанның жиырма жетісі" деген жазу тұрады.
"Қап, тағы ұмыттым ба?.."
Сенің жұмысыңа бардым. Сен жоқ екенсің. Біреулер телефон ақшасын төлемек боп кепті. Квитанция жазып бердім сенің орныңа.
- Бүгін нешесі?
- Жиырма жетісі, он екінші ай...
- оппа, мамамның туған күні! Ақымақ қыз, тағы ұмыттың!
Мам, саған айтарым көөөөөп. Жоқ, оны тіліммен айтып жеткізбеспін. Жүрегіңмен ұқшы. Сенің жүрегің бәәәәрін ұғады ғой.
Мам, мен ертең жетем сізге. Алла жол берсе. Сыйлықтарым да аз емес. Басты сыйлық - өзім ғой)
Мам, аман болыңызшы! Сіздер маған керексіздер! Бір-бірімізге сыймыз біз. Алла мені сендердей сыйымнан айыра көрмесе екен...
Кешірші, сол бір ғана датаны ұмытып қала беретін болдым...
Қызың...
p.s. ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ ЖЕЛТОҚСАН!!!!! ҰМЫТПАШЫ, АҚЕРКЕ!