Мәлім де беймәлім ХАТИКО

Хатико есімді ит 1923 жылдың 10 - қарашасында акита иттер жатағында дүниеге келген. Жатақ басшысы жаңа туылған күшікті Токиолық университеттің профессоры Хидэсабуро Уэноға сыйға тартады. Профессор күшікке хатико есімін береді. Хатико есейгеннен соң үнемі профессордың артынан қалмаған, оны таңертең Сибуй бекетінен шығарып салып күнде түсте сағат 3 күтіп алатын болған.

1925 жылдың 21 - мамырында жұмыс үстінде профессор инфаркте түседі. Дәрігерлер профеессордың жаның аман алып қала алмады, және сол күні ол күндегі әдеттегідей өзін тосып отырған итіне жете алмады. Сол кезде хатико 18 - айлық төбет болатын, дәл сол түні иесін күтіп отырған төбет бұл жолы үйге өзі қайтты.

Иесінің тірі екеніне сенетін адал төбет күн сайын сағат 3 тен кешке дейін иесін күтумен күн өткізеді. Күндердің - күні Токионың белді газеті "Иесін күтумен күн өткізетін сенімді төбет" атты статьясын 1932  жылы жариялағанда, бұл күллі Жапон халқының жүрегін елжіретеді. Ақырында халық Сибуй бекетіне сенімді төбеттің иесін күтіп отырғанды тамашалауға шет - шеттен халық ағыла бастады.

Хатико бекетке 9 жыл келіп жүріп 1935 жылы 8 - наурызда оның өлі денесін бекеттің жанынан табылады. Оның өлімі туралы түрлі болжамдар бар, сол жылы Жапон империясы мемлекетте аза тұту күні деп жарияланды. 1934 жылдың 21 - сәуірінде хатикоға арнап ескерткіш тұрғызылған болатын, ол кезде хатико тірі болатын. Алайда екінші дүниежүзүлік соғыс қарсаныңда ескерткіш балқытылып қару - жараққа қолданылған. Соғыс аяқталғаннан соң 1948 жылы ескерткіш қайта тұрғызылды. Қазіргі таңда ескерткіш мәңгілік махаббат пен сенімділіктіің нышаны іспетті.

Ал сіз төбетінізді сүйесіз бе?!



Бөлісу: