Мақтанып қояйыншы :)

Мақтанып қояйыншы :)
жеке
блог

Бір мақтанып алуға рұқсат етіңіздер Smile. Алдың күні Астанадан Аида Төлеубай келіп, кездескенбіз. Интернеттің ауылында қанша сөйлескенімізбен, бұл алғаш кездесуіміз. Әдеттегідей "кек алу операциясының" жоспарының бір бөлігін бірге орындадық. Әңгіме барысында Аида ертеңгісін Массагетке баратынын айтты. Мен де барайыншы деп жабыса кеттім Laughing. Шынымды айтсам, қалғым келмеді, өзім де біраздан бері (біраздан бері болғанда, Массагетке жақын болып, жазба жаза бастағаннан) барғым келетін, сондағы жайсаң жандармен жүзбе-жүз танысқым келетін. Соның сәті келе қалғанына қуандым.

Сонымен Аида екеуіміз Массагетке келдік. Сәния күтіп алды. Күзеттен өткізіп, ішке кіргізді. Охо, міне мен күткен уақыт! Қандай күштііііііііSmile

Массагеттің ұлдары ұялшақтау мекен, әлде жұмыспен қарбаласты ма, олармен тілдесудің сәті түспеді. Ал қыздары керемет! Бірінен бірі өткен сұлу, ақжарқын екен.

Сәния өте ашық, жатырқап тұрған адамды бауырына тарта түсетін кеңпейіл қыз. Ал Анар тіке және ашық сөйлейтін мінезімен ұнады. Бетіндегі қалдары ерекше сұлулық беретін сияқтыSmile. Ал Мейіргүлді бұрын блокқұрылтайда көргем, бірақ тілдескенім осы. Оның да ақжарқын мінезі адамды жақынындай сезінуіңе көмектеседі. 

Қысқасы, Массагеттің қонақжайлылығына риза болдым! 

Сіздермен танысқаныма өте қуаныштымын! 

Алдағы уақытта да мен сіздермен біргемін деп сенемін!

Ойййй, негізі мақтанайын дегенім бұл емес еді, қазақта үйден құр шықпа деген ырым бар ғой. Массагеттіктер мені құр шығармады Laughing. Массагеттің футболкасын, ручкасы мен блокнотын (жоғарыдағы суретте) олжалап қайттымSmile. Бәлкім, мұны басқалар бұрынырақта алып та қойған шығар, ал мен үшін ерекше сыйлық болды. 

Рахмет, бәрі үшін!