Мақтанып-ақ отырмыын...
блог
Армысыздар, қадірлеуге лайықты массагеттіктерім! Бәріңді бүгінгі төл мейрамымен құттықтаймыын!
Ал мен бүгін қолым босай сала, массагетке асықтым, әсеріммен бөлісейін дедім!
Бокс... Эхх, өмірім ғой менің!
Сан алуан спорттың арасында біреуін үзбей тамашалайтыным да осы. Қазаққа жап-жақын боп кеткен спорттан Әлем чемпионаты өтіп жатқанынан хабардар шығарсыздар, иә?!
Мырзағали ағамыздың жігіттерінде өзгеріс көөп екенін байқадым. Құрам жастармен толы, ал тіс қаққандары жаңа қырларын көрсетуде...физикалық дайындығы - бөлек әңгіме ғой, шіркін! Бойымды мақтаныш кернеп барады, қазақтар жарап тұр!
Әсіресе, кешегі кездесулерден соң бөліспеске лажым қалмады.
Ержан Жомарт жеңген сәтте денем түршігіп, орнымнан ұшып тұрдым...қол соқтым(естімесе де). Қайтемін енді, жарылып барамын ғой!
Левиттің стилі өзгермепті тек, соған қуандым. Соқты, соқты да жеңді..!
Ал, Әбілханымыз...19 жасар мақтанышымыыз...жеңілістің дәмін сезбегеніне көөөп болған, Еуропа, әлем, олимпиада, әйтеуір жарысқа түскен додасының бәрінен жеңген қара баланы шаң қаптырды! Ортадағы рефери біздің боксшының қолын көтерген сәтте жанарымнан ытқыған мөлдірдің себебін анық түсіндім...қуанғаннан, мақтанғаннан еді.
Абылайханның жарақатынан қорыққанмын. Біраақ, батырымызға ештеңе де кедергі бола алмады! Қазақты тағы бір мәрте қуантты!
Қайрат та жеңгендер сапында. Жәй жеңген жоқ, керемеет боксшы екенін дәлелдеді. Қазақтың арландай ұлына ризамыз!
Сондай-ақ, құрама сапында ең, ең дейтін спортшы бар-тын. Ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбекке тағы бір мәрте риза болдым. Өзбектің мықтысын жолда қалдырды, қызық жекпе-жекке куә болдық! Біз үшін өзбекті жеңсе болды, қалғаны маңызды емес секілді...бір жағынан шынымыз, бір жағынан күлкілі. Әуесқой бокста қазақ пен өзбектің бәсекесі басталғалы қашан?! Бір қуантары, тек бокста қарсылас.
Жә, болды. Тек сіздерді құттықтағым келді, қоржында алты медаль бар!
Қандай боларын білгіңіз келсе, міндетті түрде қазақ жігіттеріне жанкүйер боп, алдағы бәсекені үзбей тамашалаңыз!