Мақтанамын! Мақтанышым!
блог
Қазақ өмірде екі нәрседен қателеспе:бірі - өмірлік серік табудан, екіншісі - мамандық таңдағанда дейді. Әлемде қанша ма жан өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүр. Сонымен, қоса өз жұмысын сүйіп істейтіндер де бар. Мамандық таңдау- бұл өте маңызды іс. Өйткені адам таңдаған мамандығы саласында өмір бойы қызымет атқарады. Мамандықтың саны әр алуан: әнші,биші,дәрігер,аспазшы,механик,сатушы,ғарышкер,мұғалім және т.б.Жаман мамандық болмайды! Жаман маман болады. Менің жүрек қалауыммен таңдаған мамандығым – журналистика саласы. Мамандығымның қыр-сырын үйретіп,жарқан болашақ,ұмытылмас студенттік шақтармен керемет достар сыйлаған оқу орным әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-ға алғысым шексіз.
Жиырма мыңнан астам студенттің басын біріктірген білім ордамызға 2016 жылы 82 жыл болды. «Мәңгілік ел» қақпасы мен Д.Баландин атындағы жүзу бассейні ашылды.Сонымен қоса,әлемдегі ең үздік 800 университет арасыннан 236-орынды иеленіп,білім бәсекесіне қабілетті екенін дәлелдеді. Қалашығымызда Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы орналасқан. Университетіміздің талантты жастарымен қатар қазақ эстрада жұлдыздары сарайымыздың сахнасында өнер көрсетеді. Бұл студенттер сарайы «ҚазҰУ қалашығының» інжу-маржаны. Университетіміздің тағы бір мақтанышы әл - Фараби атындағы ҚазҰУ «әл- Фараби» ғылыми кітапханасы, Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие мекеме. Университетімізде 32 мамандық бойынша даярлайтын 15 факультет бар. Қалашығымызда студенттерге қызмет көрсету орталығы «Керемет» орналасқан. Бұл орталықтың ішінен қалаған дүниеңіздің таба аласыз. Киномандарға арналған кинотеатр, сұлуларымызға арналған сұлулық салоны, сонымен қатар, кітап дүкені баршылық.
Қара шаңырақ ҚазҰУ болашаққа бастар жарқын болашақ.