Мақтамен бауыздап отыр.

Кітаптың дауысы жоқ даурығатын,

Бірақ та киесі бар таң қылатын.

Киноның мәтіні деп мәңгүрттеніп,

Болдыққой елді арсыз қалдыратын.

Шайырдың жазған жырын өзгертердей,

Киношының билігі болды басым.

Тарихыңды бұрмалар адам аз бед?

Қиянатын қолына қондыратын.

Мақтамен бауыздайтын заман болды,

Өз майыңа өзіңді қуыратын.

             Қуыс үйден жарты қарыс қадам баспай,желіден басқа жерде амандаспай,ағайын туысы чаттан басқа жерде араласпай отыратын заман орнағаны арқама батады.Арқаға аяз батпаса ,архар ауып несі бар дейдіғой атам қазақ.Кешегінің кемшілігін бүгін талқыламасақ,ертең кімде бар,кімде жоқ?Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні сіз болып, біз  болып, шыққаннан жау жағасынан алғандай алқына талқылайтын *Қазақ киносы*.Тәй-тәй басқан баланың буыны қатпай жатып, ер етем десеңіз де, ез етем десеңіз де ,өз бармақтарыңыздың ықыласы.Қазақтың кино әлемі де сол бала сынды,тек талғамы биік,таңдауы басқа болып тұр.Кітап бетіне түспей кино ретінде шығарылған туындыға теріс пікір айтуға тілім бармайды.Алайда қазақ қазақ болғалы қасынан тастамай жүрген классикалық кітап туындыларының желісін бұрмалап кино, шығару,елдің рухани қазынасына құрметпен қарамау екені етенеден-ақ белгілі жәйт.Шама шарқы жетпейтін іске арпалысудың қажеті жоқ та шығар мүмкін?Туындыны түбегейлі түрде мағыналық жағынан аша алмасаңыз,көтере алмайтын шоқпарды белге байламыңыз,киношы қауым.....



Бөлісу: