Мақсатыма жетіп жатырмын, достым) (байқауға)

Мақсатыма жетіп жатырмын, достым) (байқауға)
жеке
блог

Ассалямуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух!

   Құрметті массагеттік оқырман!! Мақсатыма қалай жетіп жатқаным туралы екінші блогым! Менің 2 мақсатым бар. Біріншісі- ата-анама қолғабыс ету, екіншісі - журналистикаға бір қадам жақындау!

       Біріншісі,яғни, ата-анама қолғабыс болу! Бұл мақсат күн санап орындалып келеді. Әр таң сайын, аллаға шүкір, аман-есен оянғанда мақсатыма жету жолын бастап кетемін! Ең алдымен үйді мұнтаздай қыламын. Шаңын сүртіп, еденін жуып,сыпырамын! Ыдысты да жуамын! ОДан далаға шығып жжұмыстарымды ынтамен, құлшыныспен бастаймын. Даладағы жұмыс әр кезде әрқалай. Бірде сенбілік жасасам, бірде бау-бақшаны тазалаймын. Кешке қарай малға, яғни, сиырға шығамын. Қой мен ешкініде әкелемін. Сөйтіп, тәтті  ұйқыға батамын!

 

қой

      Екінішісі... Журанлист - ойдың ұшқырлығы мен тілдің шешендігі  ұштасатын мамандық. Журналист болу - бұл үлкен абырой, халық сенімі. Бұл менің осы мамандық жайлы жеке пікірім. Журналист шындықты бетке қорықпай айта білу керек. Журналист өсекті емес, жаңалықты жеткізу керек. Мен қазіргі уақытта Баянғали Әлімжанов туралы ғылыми жоба бастап жатырмын. Бұлда менің журналистикаға деген бір қадамым. Мен мәнерлеп оқу сайыстарына қатысып жүлделі орындарға ие болдым. Бұлда бір қадамым. Әрине, ең бастысы кітап оқу керек. Мен Мұхтар Шахановтың "Эверестке шығу", Қасым Аманжоловтың "Дауыл" атты Кітаптарын оқып жатырмын!Бұлда мақсатқа апарар бір жол.Міне, менің мақсатқа ЖАҚЫНДАТАТЫН осылар.

 СЕНДЕде  Ең бастысы, мақсат биік болсын! Сосын осы блогқа  лайк пен комент болсын, массагеттік оқырман!!!

Айтапақшы, мен осы мақалаға арнап біраз фотосурет түсіріп, видеода дайындадым.

Неге екені белгісіз блогқа қоя алмай қойдым.

Апайдан сұрап, айтқанынндай жасадым, бәрібірде  шықпады(((Түсінулеріңізді

сұраймын!!!!!