Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін (Байқау)

    Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер үшін - жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң және т. б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Өз - өзіне “Мен кіммін?” “Осы өмірдегі менің орным қандай”, “Қалай өмір сүремін?” деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандық бар. Осы көп салалы мамандықтар арасынан таңдау жасау әрине оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.

  Мен өзім болашақта – қиын да, қызықты сала – журналистика саласын таңдап, сол сала бойынша білікті маман атанғым келеді. Бұл мамандық өзіме ыстық әрі жақын сезіледі. Осы салада жүрген, қайнап-пісіп, жетілген жандарды көргенде, солар секілді болғым келіп кетеді. Сол кісілер жүрген жолмен жүріп, қиындығына төзіп, жігерімді жасымай, рухтанып, әйтеуір бір күні солар секілді болатынымды іштей сеземін. Әр адамның Алла берген таланты болады. Жеті қырлы, бір сырлы болмасам да, бойымда ұшқын оттай шарпыған, бір талант бар. Қазақ халқының кез келген азаматы көркем сөзге шебер болу керек. Менде сөзге шешен, тілге шебермін. Бұл талант әрбір журналисттің бойында болуы керек. 

Мүмкін менде бір күні жұлдыздай жарқ етіп, биіктен көрінетін шығармын...Кім біледі?!

    Бастауышта тәлім мен өнеге берген ұстазым айтушы еді: «Кейбір адамдар ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүреді» дейді. Осы сөз сол күннен бері құлағымда жатталып, жүрегімде сақталып қалды. Өмір қиындық пен қуаныштан тұрады. Сол қиындықты жеңіп барып, қуанышқа, яғни жеңіске табан тіреуің керек! Мен де журналист болу үшін көп еңбектенетінімді білемін. Мен өзіме сенемін! «Бәрінен күшті адам -өзіне - өзі сенетін адам», - демекші, өзіме деген сенімімді ешқашан жоғалтпаймын.

   Өзім жалқаулық танытып, журналистика саласы жайлы, ғаламтордан іздеуге ерінетінмін. Ғаламтордан іздеймін деп, басқа нәрселермен шұғылданып кететін едім. Осы массагет сайтының арқасында бүгін сол сала жайлы толық қанды ақпарат алдым. Журналист болғысы келетін жандарға берер кеңесім соңына дейін оқыңыздар!

   «Журналистика» сөзі – французша – «journal», немісше – «journalistic», ағылшынша – «journalist» деп айтылады екен.

  Журналистика терминінің өзі алғаш рет Францияда пайда болған көрінеді. Ал Ресейде бұл термин алғашында «журналдар жиынтығы» деген мағынаны берген деседі.

   Зерттеуші Лев Кройчик журналистика жанрларын былай бөледі:

-         Оперативті–ақпаратты – жазбалардың барлық түрі;

-         Оперативті–зерттеушілік – отчет, репортаж, интервью;

-         Зерттеушілік-ақпаратты – резенция, корреспондеция, комментарий;

-         Зерттеушілік– мақала, хат;

-         Зерттеушілік–бейнелеу: фельетон, эссе.

Көптеген журналист, зерттеушілер журналистика жанрларын былай топтайды:

   Ақпараттық – хроника, ақпарат, интервью;

   Аналитикалық – корреспондеция, комментарий, мақала;

   Көркем публицистикалық – эссе, очерк, фельетон;

   Шоу–жанр  -  ток-шоу, реалити-шоу, ойындар.

  Қазақстандағы журналистика саласы жайлы.

    Халықаралық журналистік ұйымдармен арадағы қарым – қатынаста қазақстандық журналисттер атынан Қазақстан Журналистер Одағы өкілдік етеді. 19 ғасырдың 2 жартысынан басталған Қазақстан журналистикасы қазір қарқынды дамуда. Журналистиканы теориялық және практикалық тұрғыдан зерттеп, ғылыми пән ретінде оқыту Қазақстанда тұрақты жолға қойылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында жыл сайын кәсіби журналисттер даярланып келеді.

 

 




Бөлісу: