Мақсатыма жетемін!

Құрметті Массагеттіктер! Бұл апта мен үшін өте қарбалас болып, уақытымды ұтымды пайдалана алмадым. Сол себептен де блогымды кеш шығаруға тура келді. "Ештен кеш жақсы" демей ме халқымыз. Бірақ кейбір кісілердің "Ертерек болсаң тіпті жақсы" шығар ойлары)))

Ағылшын тілін меңгеру менің - бірінші мақсатым болатын. Қазір сағат 17:30-дан 19:00-ге дейін ағылшын курсына барып жүрмін. Pre-intermediate деңгейінде білімімді шыңдап, грамматикасын барынша меңгеруге тырысудамын. Бізге сабақ беретін апайымыздың аты - Зарина. Ол кісі ылғи да күліп жүреді, үнемі жайдары, көңілсіз жүргенін бір көрмейсің. Маған сол мінезі қатты ұнайды. Группамызда 5 оқушы едік, қазір 6-ау болдық. Кеше ғана бізге Ерлан атты оқушы келіп қосылды. Онымен  тез тіл табысып кетеміз деп ойлаймын.

Cабақ Unit бойынша оқимыз. Қазір 4 Unit-ке келдік. 

Мұның алдында біз 3 Unit-ті аяқтаған болатынбыз.

Өздеріңіз көріп отқандай, әр Unit 4-ке бөлініп беріледі. Сонда 1 Unit-ті 4 күн оқимыз. 

Мақсатыма аз да болса қадам жасап, жетуге талпынып жатырмын. Бұл орайда тағы да Массагетті айтпасам болмас. "Томирис" тобының қыздарына да, жетекшім Қарлыға апайға да көп қолдау білдіріп жатқандары үшін алғысымды айтқымкеледі. 

Келесі аптада сіздерге керемет блог ұсынатын боламын. Қазақы иісі сіңген халқыма берерім мол! 



Бөлісу: