Мақсатым орындалады... (байқау)

Мақсатым орындалады... (байқау)
жеке
блог

Сәлем достар! Міне сіздермен өзімнің мақсаттарым қалай жүзеге асып жатырғаны туралы бөлісетінде уақыт келді. Олай болса менің бірінші мақсатым, бұл жазғы демалысымда ҰБТ-ге дайындалу. Дайындығымды таңдау пәнім физикадан бастадым.

Мен дайындығымды өткенді қайталаумен бастадым. Себебі, қайталау бұл біліміңді одан әрі жетілдіруге, ұмытқан ақпараттарымызды еске түсіруге көмектеседі. Ол үшін алдымен керек материалдарымызды жинақтап алуымыз керек деп ойлаймын.

Алдымен 7- сыныптың оқулығын қолыма алып, тақырыптардың бәрін қайталауды бастадым. 7 -сынып оқулығы әрі физиканың бастамасы болғандықтан оқуға жеңіл, тез түсінесің. Оқулықтағы формулалар мен ережелерді конспект қылып жазып алып отырдым.


Сонымен қатар физикада формула жаттап қана қою жеткіліксіз. Сол жаттаған нәрселерді жұзеге асыра білу керек.  Яғни, сол формулалар арқылы есептерді шығара білу керек. Негізнен ҰБТ-де 25 сұрақтың 20-дан астамы  есеп болып келетіндіктен міндетті түрде есеп шығара білуің керек. Есептерді негізінен өзім ҰБТ-ге көмек, қосымша кітап «Талапкер» кітаптарының есептерін орындауды жөн көрдім. Өйткені, бұл кітаптағы материалдар Ұлттық Тестілеу орталығымен бірлесе отырып шығарылған.

 

Және аптасына 2-3 рет сынақ тесттерін орындау. Ол үшін арнайы сынақ кітапшалары немесе интернет желісіндегі онлайн тесттер көмектесе алады. Өзім онлайн тесттерден бастадым. Бұл тесттер өзіңнің қандай нәтежие көрсеткеніңді сол уақытта шығарып бере алады. Және қатемен жұмыс жасай аласың.

Бұл менің мақсатыма жасаған алғашқы қадамдарымның бірі. Алда сіздермен мақсаттарымның қалай орындалып жатқанын бөлісетін боламын.