Ассаламуағалейкум, Массагет оқырмандары! Бұл – менің алғашқы блогым. Есімім – Нұрбол, студентпін.
Адамға жаңа ойлар түнгі ұйқы алдында келеді ғой. Мен бүгіннен бастап марафон орындаймын деп шештім, яғни баршаңызға аян, 42 км 195 м қашықтыққа жүгіру.
Сірә мені "есі ауысқан есалаң" деп ойлап отырған боларсыз? Бәлкім солай да шығар... Бірақ, таза ауада алыс қашықтықтарға жүгіру мені бір ерекше сезімге бөлейді, бақытты қылады. Онымен қоса спортты шетке ысырып қойғалы біраз болды.
Оған "Блог жазудың не қажеті бар?" десеңіз, сол арқылы өзімді ынталандырып, жігерлендіре түсемін. Бұйырса, нәтижелер мен жетістіктерді сіздермен бөлісіп отырамын. Мақсатыма жетем деген ойдамын!