Мақсатым- жетістігім!!! (байқауға)

Әр адамның өзінің мақсаты, мұраты болады. Байқауға қатысушылардың көбісінің мақсаты ҰБТ!!! Маған ҰБТ әлі ертерек. Ал қазіргі мақсатым - ата-анамның сенімін ақтау.Әрине, мектеп жағынан, яғни, оқу жағынан "әзірше ақтадым" деп ойлаймын. Сабағымды 5-ке бітірдім. Үй шаруасынада келгенде  әрқашан көмектесуге тырысам. Жалқаулықтың магниті тартқанмен, ол магнитті кері итеруге тырысамын. Үйде үш қызбыз. Сондықтан, үйдіңде, даланыңда жұмысын жасаймыз.Кешкісін әдеттегідей малға шығамын. Сиырымды әкелгеннен кейін, өзімнің сүп-сүйкімді лағыма сүт беремін. Ол лаққа сиырдың сүтін береміз. Ал сосын ешкі және қойды әкелемін. Даладағы жұмыс біткен соң, үйге кіріп қымыз пісемін. Бізде 3 бие бар. Сіздер мені "ауылбай" біреу екен деп ойлап отырған боларсыздар. Бірақ, бұның барлығы таза еңбек. Ата-анам үшін мен барлығында істеймін. Бір жағынан өзімеде жақсы!Бұл күйбің тіршілік мақсаты ғой! Ал өзімнің негізгі мақсатым - журналист болу.Мен қазірден бастап осы мамандыққа дайындалып жүрмін. Аудандық, облыстық байқауларға қатысып бірнеше рет жүлделі орынға ие болдым. "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" атты осы байқау маған қатты  көмектесетініне сенімдімін!

                Мақсатым менің тым үлкен

Журналист болу, өнерлі.

Ата-анам, ұстаз, бауырым

Ертеңіме сенеді!  



Бөлісу: